2014 жылдың 16-17 сәуірінде Қызылорда облысында (Қызылорда және Байқоңыр қалаларында) ІІІ «Байқоңыр» инвестициялық форумы өткізіледі
Форумның мақсаты – инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту, облыс экономикасына отандық және шетелдік инвестициялар тартуды ұлғайту, индустриалды, туристік және аграрлық салаларында шетелдік және отандық инвесторлардың аймақтың компанияларымен өзара тиімді әріптестік орнату, инвестициялық ахуалды жақсарту, қаржылық инфрақұрылымын дамыту, бизнес-ахуалды жақсарту.
Ұйымдастырушы: Қызылорда облысының әкiмдігі.
Форумға қатысуға бизнес-қауымдастығы, түрлi салалық ассоциациялар мен бірлестіктердің, халықаралық ұйымдардың, шетел мемлекеттерінің дипломатиялық миссиялары, ірі халықаралық қаржы институттары мен компаниялардың өкілдері шақырылды. Форум шеңберінде «Союз-У» ғарыш кемесінің ұшыруын тамашалау үшін «Байқоңыр» космодромында болу жоспарлануда. Сонымен қатар «Қызылорда облысының инвестициялық мүмкіндіктері» тақырыбында көрме ұйымдастырылады.
Форумның бағдарламасына келесі тақырыптық секциялар енгізілді:
«Металлургиялық кластердің дамуы – аймақтың келешегі»
«Қызылорда облысында мұнай-газ секторының, геологиялық барлау, баламалы энергетика және машина жасаудың рөлі»
«Қызылорда облысының агроөнеркәсіп кешені мен тамақ өнеркәсібінің даму перспективалары»
«Қызылорда облысында туризмнің дамуы»
Кезектi инвестициялық форумның өткізілуі – Қызылорда облысында басымдық жобаларды жүзеге асырудың және инвесторлармен әріптестік қарым-қатынастарды нығайтуға тағы да бір мүмкіндік болып табылады.
Байланыс телефоны:
Назаров Ерлан Асылбекұлы – Қызылорда облысының сыртқы байланыстар басқармасының басшысы, тел. 8-724-60-53-37, ұялы тел.8-771-888-88-33,
e-mail: uvs.kzorda@gmail.com