Ауданға қарасты Қожакент ауылдық округінде елді мекен ішінен өтетін "К-1” су қашыртқысы үстінен ауыл тұрғындары, жеке кәсіпкер, ағайынды Ибадуллаевтар әулеті өздерінің жеке қаржысы есебінен көпір салып жатыр. Бұл – ауылдағы №184 орта мектепке баратын Ж.Жабаев, Ы.Алтынсарин және Құтбай Дүрбайұлы көшелерінде тұратын оқушылардың мектепке дейінгі жол қатынасын жеңілдету үшін қолға алынған іс. Көпір түскен соң балалардың мектепке бару жолы қысқарып, тура баруға мүмкіндік туады. Ауыл тұрғындарын қуанышқа бөлеген бұл көпір жақын күндері пайдалануға беріледі.
"Ауылына қарап, азаматын таны” деген осы.
Ә.ТАЛАП.