Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті
ЕСКЕРТЕДІ
Судағы қайғылы жағдайға ұшырамас үшін, суда
өзін-өзі ұстаудың қарапайым ережесін сақтау керек:
- тыйым салынған жерлерге шомылуға болмайды;
- танымайтын жерде шомылуға болмайды;
- шектейтін белгілерден асып сүңгуге болмайды, суға көпірлерден, жағалаудағы
бөгетшелерден секіруге болмайды;
- шомылып жүрген балаларды қараусыз қалдыруға болмайды;
- өтіп бара жатқан қайықтар мен катерлерге жақын жүзіп баруға болмайды;
- мас күйінде шомылуға болмайды.
Егер Сіз қайықта болсаңыз:
- құтқару құралдарысыз қайықты пайдаланбаңыз;
- 14 жасқа дейінгі балаларға жүзу құралдарын (қайық, катер) қолдануға рұқсат етпеңіз;
- қараңғы батысымен қайықты қолданбаңыз;
- қайықтан суға сүңгімеңіз, суда бір қайықтан екінші қайыққа ауыспаңыз;
- кішігірім қайықта тік тұрмаңыз;
- қайықтың ернеуіне және басқы бөлігіне отырмаңыз;
- техникалық паспортта көрсетілген мөлшерден тыс жолаушылар
мен жүкті алмаңыз;
- мас күйінде қайықпен жүзбеңіз;
- қараусыз қалған және техникалық жөндеуге келмейтін қайықтарды қолданбаңыз.
Осы ережелерді сақтамау су қоймаларында жиі қайғылы жағдайдың болуына әкеліп соқтырады.
Айтып келмейтін табиғи құбылыстар су, от, дауылды жел - тілсіз жау екенін ұмытпаңыздар!!!
Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті