Базалық зейнетақы төлемдер есебі туралы анықтаманы eGov.kz арқылы алуға болады
"Ұлттық ақпараттық теxнологиялар" АҚ "Базалық зейнетақы төлемі көлемін есептеу анықтамасын алу" сервисінің іске қосылғаны туралы мәлім етті, - деп xабарлайды ҚазАқпарат. eGov.kz порталының басты бетінде орналасқан бұл қызметтің арқасында зейнеткерлер жаңа базалық зейнетақыны қандай көлемде алатыны туралы анықтаманы ала алады. Аталған анықтаманы алу үшін электронды үкіметтің порталына ЭЦҚ-сыз кіруге болады. ЖСН бойынша авторизацияланып, SMS-құпиясөзі немесе ЭЦҚ арқылы сұрау салған қызметті растауға болады. "ҚР Еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау министрлігі, БЗЖҚ, электронды үкімет порталы ақпараттық жүйелері интеграциясының басты мақсаты - зейнетақы төлемдері мен жинақтаулар туралы барлық ақпаратты үйден шықпай-ақ алу мүмкіндігінің болуы. Енді азаматтар базалық зейнетақы төлемдеріндегі өзгерістер болған жағдайда тиісті ақпаратты онлайн режімінде алатын болады", - дейді "Ұлттық ақпараттық теxнологиялар" АҚ Басқарма Төрағасы Әсет Тұрысов. Естеріңізге сала кетейік, электронды үкімет порталында келесі қызметтерге тапсырыс беруге болады: «БЖЗҚ салымшысының зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру" және «Зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу». Қызметтер "Азаматтарға" категориясының «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамтылу» тарауының «Еңбек қарым-қатынасы» бөлімдерінде орналасқан. Аталған қызметтер тегін көрсетіледі.