“ЖИЫРМА ІЗГІ ІС”

Биыл Қаржы полициясы органдарының құрылғанына 20 жыл. Аталмыш шараға орай облыс бойынша ЭСЖҚД басшылығы өз аумағына 20 қылқан жапырақты ағаш отырғызды.
Көктем көзі шығысымен жасалатын жарқын істердің бірі – бұлақтың көзін ашып, тал егу. Халқымыз осы күні егілген ағаштың саясы мол болады, көзі ашылған бұлақтың суы сарқылмайды деп ырымдаған. «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген қанатты сөздің қадірін жете ұғатын қаржы полициясы қызметкерлері арнайы бағбандардан кеңес алып, көшет таңдап, жас шыбықтарды отырғызды. Егілген тал шыбықтар қала көркіне сән беретін қылқан жапырақты ағаштардың санын көбейтетін болады. 
Қаржы полициясы қызметкерлері ізгі бастама алдағы уақытта да жалғасатынын, ол әр азаматтың борышы екенін және «өзі» отырғызған ағаштың жемісті боларына сенімді.
Бұл іс-шара Қаржы полициясы органдары құрылуының 20 жылдығына арналған «20 ізгі іс» акциясы аясында ұйымдастырылды.
Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ.

АҚПАРАТ 05 сәуір 2014 г. 849 0