
«Жастар жетістігі» қоғамдық қоры» Қызылорда қаласында 2000 жылдан бері жұмыс атқарып келеді. Қордың басты мақсаты оқушылар мен студенттерге Junіor Achіevement (JA) бағдарламасы бойынша экономикалық білім беру.
Junіor Achіevement (JA) экономикалық білім саласындағы ең көне (1919 жылы құрылған) және қарқынды дамып келе жатқан коммерциялық емес мекеме болып табылады. JA мекемесі әлемнің 113 елінде 36 тілге аударылған бағдарламаларды әзірлеп, жүзеге асырады. Ұйымының кұрылған сәтінен бастап бұл бағдарламалар шамамен 40 миллион адамға өз пайдасын тигізді. 2000 жыл мен 2014 жыл аралығында Қызылорда облысы бойынша 300 мыңға жуық оқушы JA бағдарламасына қатысты.
2006 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі JA бағдарламасын еліміздің экономикалық оқу орындарына ұсынды және ол Қазақстанның барлық өңірлерін қамтыды. «Джуниор Эчивмент Қазақстан» қоғамдық қоры – бұл орта мектептің жоғарғы сатысына арналған экономика және бизнес саласындағы бағдарламаларды ілгерілету мен дамыту бағытында мақсатты және кешенді жұмыс жасайтын Қазақстандағы бірден-бір қор болып табылады.
Жыл сайын, Петро Қазақстан компаниясының демеушілігімен, «Жастар жетістігі» қоғамдық қоры экономика пәні бойынша аймақтық сайыстар, жәрмеңкелер, «Арай-Санрайз» балалар демалыс лагерінде экономика пәнінен үздік оқушыларға арнайы экономикалық ауысымдар ұйымдастырып келеді.
2014 жылдың 17-19 ақпан аралығында Сингапур елінде ІV халықаралық Азиада – тынықмұхиттық «Junіor AchіevementWorldwіde»- «Мектеп компания» бағдарламасы бойынша Сингапурда жарыстары өтті. Бұл іс-шараға 9 елден ( Гонконг, Индонезия, Қытай, Корей, Малайзия, Гуам аралы, Сингапур, Тайланд, Жапония) 15 компания шақырылды.
Қызылорданың «Атамекен» мектеп компаниясы Қазақстан елін халықаралық жарыста алғашқы рет ұсынды. Байқаудың мақсаты – мектеп оқушыларының экономикалық білім негіздері деңгейінде шағын кәсіпкерлік пен кәсіпкерлік дағдыларды тәжірибесінде қолдана алуын бағалау.
Лучшая компания JA» атағы үшін жарысқа қатысқан біздің «Атамекен» компаниясы бұл байқауда барлық кезеңдерден сүрінбей өтіп, «Келешек талғамы» номинациясын ұтып алды. «ПетроҚазақстан» компаниясының қолдауымен жоғарыда аталған жетістіктерді иелендік.