"Ана тілі” газетінде, "Жалын” альманағында қызмет еткен қаламгер бірнеше ұжымдық жинақтар мен "Махаббат кітабы” жыр жинағының авторы, көптеген жыр мүшәйраларының жүлдегері.
Заман үні мен адам құндылықтарын өлең тілімен өретін сыршыл ақын оқырман жүрегінен жарқын қолтаңбасымен орын ала білді.
Туған өлкесіне өлеңнен тұмар тағып, топырағына тағзым ете келген ақынның 28 наурыз күні сағат 11-де Ә.Тәжібаев атындағы орталық кітапханада оқырмандармен кездесу кеші өтеді.
Поэзия парасатынан рухтанып, Шәмшияның шұрайлы шығармашылығының куәсі болуға асығыңыздар, ағайын.
Р.ДҮЙСЕНҰЛЫ.