Қызылорда облыстық мәслихатының кезекті 25 сессиясы 2014 жылғы 04 сәуірде сағат 11-00-де облыстық мәслихат аппаратының мәжіліс залында ашылады және сессияның күн тәртібіне мына мәселелер ұсынылады:
1. Облыстың елді мекендерін электр қуатымен қамтамасыз етудің жайы және оны жақсарту шаралары туралы.
2. Облыстық сайлау комиссиясының құрамын сайлау туралы.
3. Облыстық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының құрамын сайлау туралы.
4. Қосымша мәселелер.
Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырыстары 2014 жылғы 03 сәуірде сағат 15-00-де, тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы сағат 16-00-де өткізіледі.
Облыстық мәслихат.