Оқ атып, адам өлтірген күдіктілер кінәсін мойындады

Қызылордада қала ортасында оқ атып, адам өлтірген үш күдікті кінәсін мойындады. Бул туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Күдіктілер Қызылорданың ІІБ уақытша тергеу изоляторына қамалды. Олар кінәсін мойындады», – деді ведомство өкілдері.
Полиция мәліметіне сүйенсек, ҚР ҚК 293-бабы 2,3-бөлімі (бұзақылық) және 99-бабы 2-бөліміне (өлтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.
Айта кетейік, 27 наурызда Қызылорда қаласы Әйтеке би көшесінде болған төбелестің арты атысқа ұласқан. Атыстың видеосы желіде тарап кетті. Салдарынан бір адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оған шұғыл ота жасағанмен аман алып қала алмады. 




АҚПАРАТ 29 наурыз 2018 г. 922 0