Хабарландыру

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ атынан «ҚазТрансГаз Аймақ» Қызылорда өндірістік филиалы,   (120003 Қазақстан Республикасы, Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі, 1 үй) сату бойынша ашық тендердің өткізілетіні туралы хабарлайды.
Сатуға ұсынылған активтың тізімін (тауарлық материалдық құндылықтарды-ТМҚ) 8-701-362-2228 телефонына немесе тендерлік құжаттамалармен бірге  abzhapparova_k@kyzylorda.ktga.kz электрондық поштасына хабарласу арқылы ала алады.
Өткізу нысанымен танысу күні, уақыты және реттілігі 10.04. мен 17.04. 2018 ж. күндері сағат 14.00-17.00.
Кепілдемелік жарнасыз.
Тендер арқылы сатылуға қойылған жылыту құралдарының құны, сатып алу-сату шартына қол қойғаннан кейін он банктік күн мерзімде 100% мөлшерінде төленеді.
Өткізу шарттары, техникалық ерекшеліктері және қойылатын басқа да талаптар тендерлік құжаттамада көрсетілген.
Ашық тендерге қатысуға «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ активтерін сату Ережесінің 2.2.3-тармағында көрсетілген талаптарға сай келетін барлық қатысушылар жіберіледі.
Тендерлік құжаттама көшірмесінің топтамасын  2018 жылдың 18.04. қоса алғанда мына мекен-жайда: Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі, 1 үй, (4-қабат) 417 кабинеттен, күнделікті   10.00-ден 17.00-ге  (түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін) дейін алуға болады, демалыс және мереке күндерін қоспағанда.
Тендерге қатысушы ретінде тіркелуге төмендегі құжаттарды тапсыру қажет: тендерге қатысуға бекітілген үлгідегі өтінім, паспорт немесе жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі, өкілдің уәкілеттілігін растайтын құжат және СТН көшірмесі.
Заңды тұлғалар Жарғының нотариалды расталған көшірмелерін және заңды тұлғаның тіркелуі туралы куәлігін, қатысушының банктік реквизиттерін, ал акционерлік қоғамдар – акционерлер тізілімінен жазбасын қосымша тапсырады.
Тендерлік құжаттама қатысушыларға тегін беріледі.
Тендерлік өтінімдерді тапсырудың түпкілікті мерзімі – 2018 жылдың  18.04. күні сағат 17.00-ге дейін.
Тендерлік тапсырыстар салынған конверттер 2018  жылдың 19.04. күні сағат 10.00-де мына мекен-жайда ашылады: Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі, 1 үй, (4-қабат) 414 кабинет.
Қатысушылар, бұқаралық ақпарат құралдары және олардың өкілдері тендер өтінімдері салынған конверттердің ашылуына қатыса алады. Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің тендер комиссиясының отырысына қатысуға арналған сенімхаттары болуы тиіс.  
Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: (7242) 55-17-42, 55-17-44.  
АҚПАРАТ 29 наурыз 2018 г. 589 0