ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ

 Кеше облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары ­­­ Қ.Ысқақов, басқарма басшылары, құқық қорғау және орталық ат­қарушы органдар басшылары, қала және аудан әкімдерінің са­лалық орынбасарлары, мәслихат хатшылары қатысты. Бірлескен отырысқа облыстық мәслихат депутаты Райкүл ­Байназарова төрағалық етті.
Мұнда күн тәртібіне 17 мәселе шығарылды. Оның ішінде «Қызылорда облысы тұрғындарын сапалы ауызсумен қамтамасыз ету бағытында атқарылған жұмыстардың барысы мен алдағы міндеттер», «Қызылорда облыстық мәслихаты хатшысының есебі», «2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет», «Қызылорда облыстық мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы №157 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу» туралы мәселелер негізгі басымдық ретінде талқыланды.
Депутаттар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар беріліп, барлық мәселелер облыстық мәслихаттың кезекті 19-сессиясы қарауына ұсынылды.

«СБ» ақпарат.
АҚПАРАТ 29 наурыз 2018 г. 601 0