Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дің №1 оқу ғимаратының М.Шоқайтану ғылыми орталығында Қызылорда облысының Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімі және Қорқыт ата атындағы ҚМУ-нің құқықтану кафедрасымен бірлесіп «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен зияткерлік меншік саласында көрсетілетін мемлекеттiк қызметтер стандарттары мен регламенттері туралы» тақырыбында кәсіпкерлік палата, ғалымдардың, өнертапқыштар мен құқық иеленушілердің, студенттердің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Шараның мақсаты - қызмет алушылардың зияткерлік меншік саласында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттануын арттыру, кеңінен насихаттау және контрафактімен күрес мәселелері, тауар таңбаларын құқықтық қорғау, құқықтарын сақтау шаралары, контрафактіні болдырмаудың жолдарын талқылау.
Студенттерді зияткерлік меншік саласы бойынша кітап оқуға ынталандыру мақсатында университеттің кітапханасына кітаптар топтамасы сыйға берілді, жадынамалар таратылып, материалдар слайд арқылы көрсетілді. Жиын барысында ғалымдар, құқық иеленушілер мен студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.
Барлыбек БАТЫР.