« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызмет жүйесінің жақсаруы қазіргі заманның дамуында маңызды рөл атқарады және азаматтардың өзінің конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асырумен тығыз байланысты.
Сапалы мемлекеттік қызмет көрсету азаматтардың заңды құқықтары мен мүддлерінің сақталуы, сондай-ақ, еліміздің экономикалық және әлеуметтік даму деңгейінің көрсеткіші ретінде қаралады.
Департаментпен тұрақты түрде кәсіпкерлермен семинар, дөңгелек үстел және кездесулер, тұрғындармен ашық есік күні және «Әділет кеңес береді» акциялары өткізіліп, онда оларға меншік құқығын тіркеу, оңайтылған нысанда кәсіпорын ашу, құқықтарын қорғау тиімдіктері мәселелеріне қатысты құқықтық көмек көрсетіледі. Бұл атқарылып жатқан шаралар азаматтар және кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтық сауаттылық деңгейінің өсуіне ықпал етуде. Бизнес дамуын ынталандыру үшін әділет органы мемлекеттік бәскелестік қабілеттілігін арттырудағы маңызды стратегиялық жоспарларды жүзеге асырады.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 желтоқсандағы Заңның шеңберінде жылжымайтын мүлікке құқықтар нотариус куәландырған мәміле негізінде туындаған жағдайда, оны «қағаз жүзінде» тіркеу жөніндегі баламалы тәртіптің алып тасталуын көздейтін түзетулер бекітілді.
Сол себепті, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап нотариус міндетті түрде куәландырған барлық мәмілелер әділет органдарына электрондық нысанда жіберіледі. Тіркеу 1 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, осы Заңның шеңберінде жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге ұсынылатын құжаттардың тізбесінен техникалық паспорт алып тасталды.
Әкімшілік кедергілерді болғызбау мақсатында «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы» Заңның 21-бабында көзделген «өзге де құжаттарды» ұсыну жөніндегі талаптар да тізбеден алып тасталды.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 29.03.2016 жылғы «Қазақстан республикасының кейбір заңнамалыө актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және рұқсат беру рәсімдерін оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының аясында жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу мерзімі 5 күннен 3 күнге қысқартылды.
Меншік құқығы индикаторы бойынша 2018 жылы «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» және «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңдарына жаңадан салынған жылжымайтын мүлік объктісіне мемлекеттік техникалық зерттеп-қарауды алып тастау көзделуде. Бұл ретте ақпараттық жүйеге жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық сипаттамалары қабылдау актісі негізінде енгізіледі.
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасын арттыру және оңайлату бағытындағы жүргізіліп жатқан шаралар бұл Жаһандық бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін жақсарту, тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету барысында әкімшілік кедергілерді азайту болып табылады.
Министрлік тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметті әрі қарай оңтайландыру шараларын жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Қазақстанның әлемнің ең бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіру жөніндегі стратегиялық міндетке қол жеткізу тұрақты негізде рейтинг индикаторларын жақсарту бойынша одан әрі реформа жүргізуді талап етеді.
Қызылорда облысының Әділет департаментінің
бөлім басшысы,
Қазақстан заңгерлер
одағының мүшесі
М.Ермекбаев
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |