МАЛЫ САУДЫҢ – ЖАНЫ САУ

Елбасымыз биылғы «Төр­тін­ші өнеркәсіптік революция жағ­­да­йындағы дамудың жаңа мүм­кін­­діктері» атты Жолдауында аг­ро­өнеркәсіптік кешенге ерекше мән беріп, 5 жыл ішінде еңбек өнім­ділі­гін және өңделген ауыл шаруа­шы­лығы өнімдерінің экспортын 2,5 есеге арттыруды тапсырды.

Экспортқа өнім шығару үшін еліміз, төрт түлігіміз жұқпалы ауру­лардан аман, өнімдеріміз таза болуы шарт. Осы бағытта жыл сайын облысымызда  арнайы тізімге енген жануарлардың жұқпалы ауру­ларының алдын алу үшін мемлекет тарапынан вакцина бөлініп, екпе жұмыстары, сонымен қатар, жұқ­палы ауруларға қарсы тексеру жұ­мыс­тары жоспарлы түрде тегін жүр­гі­зілуде.

Негізгі мақсат – эпизоотиялық жағдайды жақсарту, ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Бұл ретте, жеке және заңды тұлғалар ҚР «Ветеринария туралы» Заңы­ның 25-бабында айқындалған тө­мендегідей міндеттерін білгені жөн.

Жеке және заңды тұлғалар:

- жануар ауруларының ­алдын алуды қамтамасыз ететiн ветери­нариялық ережелердi сақтауға;

- республика ішінде жануар не оның өнімін тасымалдағанда вете­ринариялық анықтамамен, ал шетелге ветеринариялық сертификатпен тасымалдауға;

- аумақты, қора-жайларын,  жануарлардан алынатын өнiмдерін сақтауға және өңдеуге арналған ғимараттарды ветеринариялық ережелерге сәйкес ұстауға;

- жануарларын тіркетіп, бiрдей­л­ендiрудi (сырғалау, таңбалау)  ­қам­та­масыз етуге;

- ветпункт немесе ветстанция ма­манына, ветинспекция ­маманына: сатып алынған жануар, алынған төл, сойылғаны, сатылғаны туралы хабарлауға;

- жануарлар қырылған, бiрнеше жануар бiр мезгiлде ауырған немесе олар әдеттен тыс мiнез көрсеткен жағдайлар туралы хабарлауға және ауру деп күдiк туғанда, ветеринар маман келгенге дейiн жануарларды оқшаулап ұстауға;

- өз жануарларына уақытылы вак­цина ектіруге және олардың диаг­ностикасын (тексерілуін) қамта­масыз етуге;

- ветеринариялық тексеру жүр­гiз­бей жануарларды өткiзу (сату) үшiн союға және сойғаннан кейiн ұшалары мен өнімдеріне вете­ринариялық-санитариялық сараптама жасамай өткiзуге (сатуға) жол бермеуге;

- кейiннен өткiзуге (сатуға) ар­налған жануарларын сою пункт­терiнде немесе мал сою алаңдарында  союды жүзеге асыруға;

- ветеринар мамандардың вете­ри­нариялық іс-шаралар өткізу бо­йынша қызметтiк мiндеттерiн орын­­дауы кезінде оларға жәрдем көр­сетуге міндетті.

Ал, бұл талаптарды орында­маған тұлғаларға ҚР ӘҚБт Ко­дексінің 406-бабымен әкімшілік жауап­кершілікке тарту (айыппұл салу) көзделген.

Сонымен қатар, ҚР Қылмыстық Кодексінің 327-бабында ветери­нариялық қағидаларды эпизоотия­лардың таралуына немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан бұзушылықтар үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту көзделген.

Бауыржан Момышұлының «тәр­тіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» деген қағидасына сүйеніп, ветеринария саласындағы заңнама талаптарын орындасақ,  ­малымыз бен жанымыз аман болып, экспорттық әлеуетіміз ұлғайып, ел экономикасының өсуіне  оң әсерін тигізетіні сөзсіз.

Ж.СӘРСЕНБАЕВ, 

ҚР АШМ ВБжҚК-нің 

Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясының басшысы.

АҚПАРАТ 27 ақпан 2018 г. 658 0