« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
2018 жылға жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге бюджеттен 2,8 млрд теңге бөлінген. Атаулы әлеуметтік көмекті алуға облыстан 2774 отбасының құжаты қабылданып, оның ішінде 2508 шаңыраққа аталған көмек тағайындалған. Ал 5715 отбасының жан басына шаққандағы жиынтық табысы облыста белгіленген кедейлік шегінен асып кетуіне байланысты құжат тапсырмады. Дегенмен, бұл отбасыларының еңбекке жарамды азаматтарын жұмыспен қамту үшін қосымша қолдау көрсету жұмыстары жүргізілді. Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн режимдегі баспасөз конференциясында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев хабарлады.
Биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмекті көрсетудің жаңа тәртібі енгізілген болатын. Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек аз қамтамасыз етілген отбасыларға бұрынғы беріліп келген үш әлеуметтік төлем біріктіріледі. Жаңа форматтағы атаулы көмектің басты айырмашылығы, тұрмысы төмен азаматтарға немесе отбасыларға көрсетілген қолдау кешенді түрде ұсынылады. Нақты атап айтар болсақ, отбасына ақшалай көмек төлеп қана қоймай, мемлекет тарапынан жұмысқа тұруға жәрдемдеседі, яғни жұмыссыз жүрген отбасы мүшелері мемлекет есебінен оқуға жіберіледі, жастар тәжірибесіне, әлеуметтік жұмыс орындарына және қоғамдық жұмыстарға орналасады. Сонымен қатар, жеке ісін ашуға немесе бизнесін кеңейтуге микрокредит беріледі. Егер отбасындағы адамдар қиын өмірлік жағдайға тап болса, үкіметтік емес ұйымдар, әлеуметтік қызметкерлер мен мемлекеттік медициналық-әлеуметтік ұйымдар тарапынан мемлекет кепілдік берген арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіледі.
Басқарма басшысы АӘК жаңа үлгіде шартсыз және шартты ақшалай көмек болып екі түрге бөлінетінін жеткізді. Шартсыз ақшалай көмек еңбекке жарамсыз мүшелері бар отбасыларға немесе еңбекпен қамту шараларына белгілі бір себеппен қатыса алмайтын отбасыларға беріледі. Ал, шартты ақшалай көмек еңбекке жарамды кем дегенде бір мүшесі бар отбасыға әлеуметтік келісімшарт жасасқан жағдайда және отбасының барлық еңбекке жарамды мүшелері жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысқан жағдайда тағайындалады.
Егер де аз қамтылған отбасының 18 жасқа толған еңбекке қабілетті мүшелері өздеріне әлеуметтік келісімшартта жүктелген міндеттерді орындамаса, жәрдемақы мөлшерін азайтады. Мәселен, бірінші рет орындамағандарға атаулы әлеуметтік көмек 50 процентке, ал қайталаған жағдайда 100 процент қысқартады. Айта кетерлігі, атаулы әлеуметтік көмек кәмелет жасқа толмаған балаларға және бала күтімімен отырған аналарға толық мөлшерде сақталады.
Сондай-ақ, шартты ақшалай көмекті отбасы мүшелерінің таңдауына қарай 3 ай үшін бір рет төлеуге де болады. Бұл ретте отбасы алған қаржысын жеке ісін ашу үшін жұмсай алады.
Шара соңында онлайн режимде сұрақтар қойылып, оған тұшымды жауап қайтарылды.
Сара АДАЙБАЕВА.
«Сыр бойы».
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |