« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!
Осы депутаттық сауал жолдауымызға негіз болған «Егемен Қазақстан» газетінің үстіміздегі жылғы 26 қаңтардағы санында «Ақыл-ой көші әрі асып бара ма?» деген тақырыппен жарияланған мақаладағы қозғалған өзекті мәселе түрткі болды. Мақалада соңғы жылдары теріскей өңірлердегі шекаралық елді мекендерде туып-өскен, білім алған балаларымыздың көрші елдің орта және жоғары оқу орындарына құжат тапсыруы жиі көрініс бере бастағаны баяндалған.
Соңғы жылдары Ресейдің жоғары оқу орындары шекаралық облыстардағы, елді мекендердегі мектеп оқушыларына әртүрлі байқаулар ұйымдастырып, дарындыларын ерте бастан іріктеп алып, тегін оқуға мүмкіндік беретін сертификаттар табыстауда. Әрине, жастардың таңдау еркіне, талап-тілектеріне шектеу қоя алмаймыз. Шетелде білімі мен біліктілігін жетілдіріп келгеннің еш айыбы жоқ. Бірақ, олардың өзге елдерге жаппай кету толқыны бізді толғандырады. Мысалы, тек 2017 жылы елімізден 10 мыңға жуық жоғары білімді кәсіби мамандар сыртқа кеткен.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің берген мәліметіне сүйенсек, 2016-2017 оқу жылдары 127414 оқушы мектепті аяқтап, олардың ішінде тек 92827 түлек, яғни 72% ғана Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан. Жыл өткен сайын бұл көрсеткіш төмендеп барады. Оның бір жағы түлектердің өз елінің оқу орнынан гөрі шетелдің білім ордасын таңдауына келіп тіреледі. Мысалы, 2015-2016 оқу жылдарында Павлодар облысында 3 оқушы өз тағдырларын шетелдегі оқу орындарымен байланыстырса, сол оқу жылдарында 412 түлек шетелде оқуға тілек білдірген. Ақмола облысында екі жыл бұрын мұндай 62 түлек болса, былтыр бұл көрсеткіш 300-ге жетті. Айта кетуіміз керек, бұлардың көпшілігі мектепте жақсы оқыған талантты оқушылар. Бұл секілді жағдай Ресеймен шекаралас Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында да орын алуда.
Сонда Қазақстан тарапы басқа мемлекеттің экономикасы мен әлеуметі үшін қаржы шығындап, орта білім берген болып шығады. Бұл – ақыл-ой көші. Экономикаға пайдалы жастық қуаттың, жұмыс әлеуетінің кетуі. Он бір жыл мемлекеттен әр баланың білім алуына 3млн 200 мың теңге қыруар қаржы бөлінетінін, бір тұлғаның қалыптасуына әлденеше адамның тер төгетінін, өзгелерге дайын еңбек күшін үлестіріп отырғанымызды еске алсақ, бұл ел үшін үлкен шығын, экономикалық, адами капитал, шашылған дарын екеніне көз жеткіземіз.
Мемлекет тарапынан тиісті шаралар қолданып жатқанын білеміз, десек те, олар жеткіліксіз болып, көбіне науқандық сипатпен шектеліп қалуда. Шекаралас аймақтардың орыс тілді мектептердің түлектерінің көпшілігі ҰБТ тапсыруға құлықсыз, өйткені оның тәртіп-ережелерін қиынсынады. Оған қарағанда, Ресей жағы көптеген жеңілдіктер, артықшылықтар ұсынатындықтан, жастарымыз көбіне сол жаққа қарай ұмтылады. Олар онда ақысыз оқуға түсіреді және оқу бітіргеннен кейін жұмысқа орналастыруға кепілдік береді. Ал, Қазақстанда оқу ақысы қымбат, сондықтан шекара асуға мәжбүр. Қарапайым бір ғана мысал, Еуразия ұлттық университеттінің бір жылдық оқу ақысы 750 мың теңге шамасында және жатақханада жиі орын болмауына байланысты пәтер жалдап оқу осындай әр студент үшін жылына 1 миллион теңгеден астам шығын әкеледі. Ал, Ресейдің Омбы қаласындағы мемлекеттік университеттің бір жылдық оқу ақысы орта есеппен 400 мың теңгені құрайды. Осының өзі көп жайдан хабар береді ғой деп ойлаймыз.
Сондықтан да, құрметті Бақытжан Әбдірұлы, жоғарыдағы аталғандардың негізінде, шекаралық елді мекендерде туып-өскен, білім алған мектеп түлектерінің көрші елдің орта және жоғары оқу орындарына ауысу себептерінің алдын алып, еліміздің келешегі ақыл-ой иелерінен көз жазып қалмау жолдарының кешенді іс-шарасын қарастыруыңызды сұраймыз.
Құрметпен, М. БАҚТИЯРҰЛЫ,
Б. ӘЙТІМОВА,
Ж. НҰРҒАЛИЕВ,
М. КӨБЕНОВ,
Д. НӨКЕТАЕВА.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |