Жемқорлыққа қарсы жүйелі күрес

Сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясатты жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, азаматтардың мемлекетке және оның өкілдеріне сенімін нығайту – бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі. Мемлекет пен қоғамның күш-жігерін біріктіргенде ғана осы құбылысқа қарсы күресе аламыз. Бұқаралық ақпарат құралдарында кең ауқымды насихат жүргізу  арқылы азаматтардың санасына сыбайлас жемқорлықтың кез келген түріне төзбеушілікті сіңіру қажет. 



Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 22-бабының 1-тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті. Осы мақсатта облыстық аумақтық инспекцияда 2018 жылға сыбайлас жемқорлық көріністерін шектеуге бағытталған іс-шара жоспары қабылданды.  Сонымен бірге, ай сайынғы өткізілетін құқықтық оқулар жоспары, жергілікті баспасөз беттеріне жарияланатын мақалалар бойынша инспекцияның медиа-жоспары бекітілді.

Өткен жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы біршама жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен келісу арқылы 2017 жылдың 26 шілдесі мен 23 қарашасында ЗК-169/1 тергеу изоляторында аудандық, қалалық аумақтық инспекцияның барлық басшылары мен инспекторлары жазаларын өтеп жатқан сотталушылардың тыныс-тіршілігімен танысты. Бұдан бөлек, прокуратура, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті, «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ-ның Қызылорда облысы бойынша филиалы қызметкерлері мен «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының партиялық бақылау өкілдері және барлық аудандық, қалалық аумақтық инспекция басшыларының қатысуымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен болдырмауға қатысты кең ауқымда семинар-кеңес өт­кізілді.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мемлекеттік қызмет көрсететін орындарында, аталған қызметті «бір терезе» қағидасы арқылы көрсетуге байланыс­ты жеке кабинет бөлініп, бейнебақылау орнатылды. Құқық бұзушылыққа жол бермеу мақсатында ішкі сауда объектілерінің өкілдері мен кәсіпкерлердің қатысуымен мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі, сондай-ақ, қызмет алушылардың құқықтары мен міндеттерін  түсіндіру жөнінде об­лыстық және қалалық, аудандық аумақтық инспекцияларда «дөңгелек үстел» отырыс­тары өткізілді.

Облыстық    және  барлық  аудандық инс­пек­циялардың ғимаратының кіреберісінде мем­лекеттік қызметтер көрсетуге қатысты стендтерге «Қауырт желі» аумақтық инспекциясы басшыларының сенім телефондары көрсетіліп, іске қосылды. Жалпы жыл басынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті насихаттауға қатысты іс-шара жос­парына сәйкес, бүгінгі күні осы іс-шаралар орындалуда және қатаң бақылауда.  

Сонымен қатар, ҚР Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағ­дайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауына орай іс-шара өткізілді. Семинарға Қызылорда облыстық каран­тиндік зертханасының, «Республикалық фито­санитариялық диагностика және болжамдау әдістемелік орталығы» РММ облыстық филиалының қызметкерлері қатысты. Жолдаудағы 10 қадам бойынша жеке-жеке талдаулар өткізілді, соның ішінде 3-қадамға («Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі) және 9-қадамға (Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі) баса назар аударылып, талқыға түсті.

Биылғы Елбасының Жолдауында жаңа әлем көшбасшыларының қатарына қосылу үшін елімізде «жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі» басты міндеттердің бірі болып, оны жүзеге асыруға жұмылуымыз керектігі атап көрсетілген. Яғни, бұл – мемлекеттің сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытындағы кешенді және жүйелі күрес жүргізу саясаты жанданып, әрі қарай жалғасын табады деген сөз. 


Ж.ДҮЗЕЛБАЕВА,

облыстық аумақтық инспекция

басшысының орынбасары.

АҚПАРАТ 26 ақпан 2018 г. 605 0