« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Бүгінде әлем елдерінде ғылым мен білім қарқынды жылдамдықпен қарыштап дамуда. Осыған сай, алдымызда өнеркәсіпті индустрияландыру, жаңа технологияларды енгізу талабы тұр. Ол – Жолдаудың бірінші міндеті. Заман талабына сай жетілдірілген технологиясыз дамыған 30 елдің қатарынан көріну де мүмкін емес. Индустрияландыру бағдарламасы аясында елімізде, өңір-өңірлерде жаңа технология енгізілген кәсіпорындар жұмыс жасап, бағасы қол-жетімді, халықаралық стандарттарға сай жаңа өнім түрлерін көбейту қажет. Еліміз егемендік алғанға дейін, Кеңестік дәуірде тек өндіруші өнеркәсіп салалары ғана дамыды. Өңдеуші өнеркәсіп жоқтың қасы десек те болады. Ал, «Төртінші өнеркәсіптік революция» дәуірінің талабы, Елбасымыздың жаңаруға жарқын жол сілтейтін Жолдауының басты қағидасы – «Қазақстанда жасалған» деген брендпен елімізді өңдеуші өнеркәсіп саласы дамыған жоғары индустриалды елге айналдыру. Біз бүгінгі қол жеткізген жетістіктерімізбен тоқтап қалмауымыз керек.
Еңселі ел, мәңгілік мемлекет екендігімізді әлемге танытып, әлемдік аренада өз орнымызды төрден алуымыз қажет. Оның алғашқы қадамдары басталып та кеткен сыңайлы. Кешегі күні Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіне Қазақстанның төрағалық етуі осының айғағы дер едім.
Кез келген мемлекеттің ең басты байлығы – адам. Мемлекеттің қалыптасуы да осы халықтың арқасы. Сондықтан, мемлекет негізі – адам, еңбекке жарамды халық, адами капитал.
Егемендік алған жылдардың басында біз баюды мақсат етіп, капиталистік көзқарас жетегінде кеттік. Адами капиталымыздың депозиттік құндылығын түсінбедік. Заман талабына сай білім алған, жаңа технологияны ертерек меңгерген ғалымдарымыз шетел асып кетіп қалды. Құдайға шүкір, олар қазір Қазақстанның болашақ әлеуетін танып, елімізге оралып жатыр. Біз, енді осы заманауи технологияны меңгерген интеллектуалды құндылықтарымызды бағалай білуіміз қажет. Бағалап қана қоймай, адами капиталды тиімді пайдалану, оларды дамытып отыру сапалы білім мен тәрбиенің қолжетімді болуына ықпал етеді.
«Цифрлық Қазақстан», ІТ технологиясын енгізу еліміздің ең құнды байлығы адамдарды жаңа білім сапасымен қамтып, оның біліктілігі мен тәжірибелілігін арттыруды талап етеді. Ол үшін елімізде білім беру саласында, орта және жоғары оқу орындарында жаңа реформалар жасалып, үш тілділік білім беру қағидасы жолға қойылды. Бұл – біздің болашақ ұрпаққа жасалған үлкен мүмкіндік. Бұған миллиондаған қаржы кетері анық, бірақ біз мұны өз болашағымызға, келешек ұрпаққа салынған үлкен инвестиция деп ұғынайық.
Ұлы ойшыл әл-Фарабидің түсінігі бойынша, білім қоғамның барлық мүшелеріне қажет. Сонымен қоса, ойшылдың тұжырымдауынша, білім беру тілден және оның құрылымынан бастау алу керек. Көп тілді меңгерген адам басқа ғылым салаларын үйренуге бет бұрады. Ал соның негізінде, адам қиялында жаңа, тың идеялар туындайды. Жаңа ІТ технологиялар солай өмірге келеді.
Адами капитал – жаңғыру негізі атты жетінші міндет аясында бізге заман талабына сай озық ойлы, интеллектік санасы жоғары ұрпақ тәрбиелеу жүктеліп отыр.
Осы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдаудың міндеттерін орындауда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушылары да өз үлестерін қосуда.
Сыр өңіріндегі ғылым-білімнің қара шаңырағы атанған оқу орны бүгінде жаңа технология бойынша білім беруде. Осы бағытта бүгіндері әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің жоғары оқу орындарымен тәжірибе алмасу жолға қойылып, түрлі меморандум жасалып отыр. Мысалы, М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, Мәскеу ұлттық техникалық университеті, И.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университеті, К.Тимирязев атындағы Мәскеу аграрлық академиясы, Канада, Оңтүстік Корея, Еуропаның бірқатар жоғары оқу орындарымен келісімдер бар.
Елімізде бірінші болып бірлескен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар жүргізу мақсатында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің базасында «Microcoft академиясын» құру туралы келісімге қол жеткізді. Оқу орнында бірнеше жаратылыстану пәндері, техникалық пәндерді ағылшынша жүргізуге қол жеткізіліп, кейбір мамандық студенттері (биология, химия, т.б.) үш тілде білім алуда. Оқу орнының «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүргізілетін іс - шараларды орындауға мүмкіндігі жеткілікті. Дәрісханалар интернет желісіне қосылған, видеоқұрылғылармен жабдықталған. Білім алушылар университеттің білім беру стратегиясындағы маңызды бағыт бизнес-инкубаторлар желісін құру бойынша жұмыстар жүргізуде. Шетелдің жетекші жоғары оқу орындарымен, ғылыми орталықтарымен, ірі кәсіпорындарымен, трансұлттық корпорацияларымен бірлескен жобалар жүргізу жолға қойылып отыр. Бұл жобалардың басты мақсаты – өңірге қажетті, болашағы зор жаңа мамандар даярлау.
О.АЙДАРОВ.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің
аға оқытушысы, г.ғ.к.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |