Тыл ардагерлеріне көмек

«Нұр Отан» партиясы Қазалы аудан­дық филиалының ұйымдастыруымен партияның «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында тыл ардагерлеріне көмек көрсетілді.
Партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қасқырбек Мәмбетжан бастаған «Жас Отан» жастар қанатының ерікті жас­тары аудандағы тыл ардагерлерінің жағдайымен танысып, оларға көмек көрсетті. Сондай-ақ, ардагерлердің өтініш-тілектерін тыңдап, тиісті орындардың назарын аудартты. Өздеріне көр­сетілген көмекке разы болған қариялар партия­лықтарға ерекше алғыстарын білдірді.
АҚПАРАТ 26 ақпан 2018 г. 555 0