Өтініштер назардан тыс қалмайды

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдауға келген азаматтардың бірі – Тасбөгет кентінің тұрғыны Бақыткүл Дүйсенова. Бақыткүл 7 баланы тәрбиелеп отырған жал­ғызбасты ана. Ол партия қабылдауына баласының мүгедектігіне байланысты жәрдемақы алып, қазіргі заңдылық бойынша шекті көлемнен асуына орай, қалған балаларына жәрдемақы ала алмай отырғанын айтып, көмек сұрап келген. Ибадулла Құттықожаев мәселені назарға алып, сәуір айынан бастап балалардың жәрдемақы алуына қолдау көрсетілетінін айтты.
Жансая Бисенбай 2004 жылы қаладағы №101 мектепке лаборант болып қабылданған. Кейіннен технология пәнінен мұғалім болған. 2017 жылы желтоқсанда жұмыстан босатылғанда 2005 жылдағы ұстаздық қызметі еңбек кітапшасында расталмағанын білген. Қабылдау барысында мәселе зерттеліп, шешімін тапты. Еңбек кітапшасы заңды түрде қайта рәсімделетін болады.
АҚПАРАТ 26 ақпан 2018 г. 459 0