Бүгін Елбасының Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауынан туындайтын міндеттерді айқындау мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төраға кеңесшісі Сүлеймен Сағатбек Болатбекұлы Шиелі ауданының активімен кездесті.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен қоғамдағы даукестік деңгейін төмендету, дауларды сотсыз шешу институттарын дамыту, халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін «Сотсыз татуласу орталығын» құру жобасы таныстырылды.
Кездесуге ауылдық округ әкімдері, аудандық мәслихат депутаттары, еңбек ардагерлері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, жастар ұйымдары және БАҚ өкілдері сондай-ақ аудандағы кәсіби емес медияторлар қатысты. Кездесу бейресми әңгімелесу жағдайында өтіп, тұрғындар төраға кеңесшісіне өздерін толғандырған сұрақтарын қойды.