
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің 2018 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, алға қойылған мақсаттар мен міндеттерді нақтылау бойынша кезекті көшпелі отырыс Шиелі ауданында өткізілді.
Отырыс барысында мемлекеттік қызметті өткеру, мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын бақылау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша аудан әкімдігімен бірлесіп жүзеге асырылатын іс-шаралар пысықталды. Сонымен қатар, "Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары" нұсқаулығы (Покетбук) барлық отырысқа қатысушылармен қатар аудан қызметкерлеріне таратылды.
Нұсқаулық бойынша облыстық әдеп жөніндегі уәкіл Б.Ыдырысов толығырақ таныстырып өтті. Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің әдептілік деңгейін және әлеуметтік-құқықтық қорғалу деңгейін зерттеуді анықтауға көмектесетін әлеуметтік сауалнамалар жүргізілді.