“БУШРАНЫҢ” ІСІ

Қызылорда қалалық сотында "Бушра” серіктестігінің ісі туралы судья С.Әбдіқанов баспасөз өкілдеріне арнап мәслихат өткізді.
Жоғары деңгейлі судьяның айтуы бойынша, Саламатов көшесі бойындағы аспалы көпір өткелінің құрылыс жұмыстарын жүргізген "Бушра” ЖШС мемлекет қаржысын ірі мөлшерде талан-таражға салған. Осыған байланысты  "Бушра” серіктестігінің қос басшысына, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының лауазымды тұлғаларына және құрылыс сапасына жауапты техникалық қадағалаушы "KZ Стройэксперт” ЖШС қылмыстық жауапкершілікке тартылды. 
Сот үкімімен, мердігер "Бушраның” басшы-құрылтайшылары, түрік елінің екі азаматының мүліктері тәркілене отырып, әрқайсысына 5 жылдан бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ, "KZ Стройэксперт” ЖШС бас маманы да 5 жылды арқалады. Ал, тапсырыс беруші басқарманың басшылары Ел тәуелсіздігінің жиырма жылдығына байланысты рақымшылыққа ілініп, жазадан босады.
Сот үкімі әлі күнге дейін заңды күшіне енген жоқ. 

Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ.
АҚПАРАТ 06 наурыз 2014 г. 756 0