
Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ЗК-169/5 мекемесі 08.12.2016 жылғы Қазақстан Републикасы Президентінің №387 Жарлығы және «Қазақстан Республикасындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың 2017 – 2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 29.12.2016 жылғы №912 қаулысы, сонымен қатар, стратегияны жүзеге асыруға арналған жоспар аясында, ұдайы негізде босатылатын жаза мерзімін өтеушілердің қоғамға әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ету мақсатында жұмыстар атқарылуда, атап айтқанда, әлеуметтік-психологиялық көмектер көрсету, босатылғаннан кейін жұмыспен және тұрмыстық қамтамасыз ету, туыстық байланыстарын қалпына келтіру.
Жаза мерзімін өтеушілерді босатылғаннан кейінгі қайта бейімделуге дайындау кезеңінде жоғарыда аталған әлеуметтік бағдарлама аясында ЗК-169/5 мекемесінде босатылушы тұлғалардың мәселелерін шешу үшін жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен жаза мерзімін өтеуші азаматтармен кездесулер ұйымдастырылды.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, жергілікті полиция қызметі, пробация қызметі, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығы өкілдерімен, сонымен қатар, үкіметтік емес ұйым өкілдері мен ЗК-169/5 мекемесінің тәрбие қызметтері бірлесіп, сотталғандардың денсаулық жағдайы, білім деңгейі, тұрақты мекен-жайы және қажетті әлеуметтік-құқықтың көлемін анықтау мақсатында көлемді шаралар жүргізілуде. Сонымен қатар, жоғарыда көрсетілген органдар мен білестіктердің өкілдері сотталғандарға босатылғаннан кейінгі құқықтары мен ішкі істер органдары мен пробация қызметтерінің профилактикалық есептеріне тұру жөніндегі міндеттері, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 482-V Қазақстан Республикасының Заңы негізінде еңбек нарығындағы жұмыспен қамтылуға дайындық және азаматтардың мемлекеттік органдардың делдалдығы арқылы жұмыссыздықтан қорғалуы, жұмыспен қамтылуға көмектің кепілдігі жіне еңбек таңдауы, мемлекет тарапынан әлеуметтік көмектің көрсетілуі, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы», «Бизнестің жол картасы -2020», «Серпін» және басқа бағдарламалар, осы бағдарламалардың принциптері және еңбекпен қамту орталықтарының міндеттері жөнінде кең көлемде түсіндіреді.
Алдағы уақытта көрсетілген бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.
ЗК-169/5 мекемесінің
ЕТО жөніндегі аға инспекторы
әділет майоры Р. Альтаева