ШУАҚТЫ МЕРЕКЕ ШАТТЫҒЫ

Өткен сейсенбіде қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Әйел – мәңгілік көктем, мәңгілік дастан» атты 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған кеш болып өтті. Көктемнің шуақты мейрамы болып саналатын бұл күні ұстаздар қауымы ерекше ықыласқа бөленді. Кеште қала әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов, қалалық мәслихаттың хатшысы Ибадулла Құттықожаев, «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мақсұт Баекеев жиылған ұстаздарға өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, құттықтады.
«Адамның негізі – әйел» деп жазушы Мұхтар Әуезов бекер айтпаған. Себебі, Сіздер арқылы өнегелі ұрпақ өсіп, айналамыз нұрлануда. Сіздердің арқаларыңызда отбасымызда береке болып, ұлтымыз көбейіп, ұрпағымыз ұласуда. Сондықтан да барлықтарыңызды айтулы мерекемен құттықтаймын. Шаңырақтарыңыз тек шаттыққа толы болсын», - деді қала әкімінің орынбасары Р.Рүстемов.
Мұнан соң арнайы қамзол мен ақ жаулық жауып, ардагер-ұстаздарға құрмет көрсетілді. Аналарға деген ықылас пен құрмет-сый ешқашан  толастамасы анық. Шара барысында осындай түрлі сый-сияпат көрсеткен білім бөлімі, білім саласында көз майын тауысып, саналы ұрпақ тәрбиелеп, өздерінің белсенділігі мен біліктілігін көрсеткен мұғалімдерді марапаттауды да ұмытпады. Сондай-ақ, ән-жырдан шашу шашып, барлық жиылған көпшілікті бір серпілтіп тастады.
М.ОТАРАЛЫ.
АҚПАРАТ 06 наурыз 2014 г. 1 084 0