Қоғамдық тәртіп бойынша

Негізгі басымдықтар болып азаматтардың жеке қауіпсіздігі, олардың құқықтық және заңды мүдделерін қорғау, аймақта қоғамдық тәртіп сақтау айқындалды.  Ол үшін:
100 зардап шеккен адамға шаққандағы жол-көлік оқиғаларынан қайтыс болғандар санын 18,6 бірліктен асырмауды қамтамасыз ету;
жалпы қылмыс санынан көшеде жасалған қылмыстың үлес салмағын  14,9 пайыздан асырмауды қамтамасыз ету;
Жалағаш аудандық ішкі істер департаментінің бөлімі ғимаратының құрылысын аяқтау;
Ішкі істер департаментінің әскери және арнайы дайындығы бойынша оқу-жаттығу полигонының құрылысын аяқтау.
Ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасын нығайту аясында учаскелік полиция пункттерін орналастыру үшін 6 бірлік тұрғын үйлік емес ғимарат сатып алуды қамтамасыз ету;
Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасында «е-УД» (электронды қылмыстық іс) орната отырып 80 бірлік автоматтандырылған қызмет орнын сатып алуды қамтамасыз ету.
АҚПАРАТ 13 ақпан 2018 г. 981 0