Мәдениет бойынша

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы міндеттерінің бірі мәдени мұра сақтау және насихаттау.

Осыған орай, Жанкент, Сортөбе, Сығанақ, Бәбіш мола, Қыш қала қалашықтарына археологиялық қазба жұмыстарын жалғастыру;

Сырдария ауданындағы Қалжан ахун мешіт медресесіне қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу;

Жаңақорған ауданындағы Сығанақ қалашығына қоршау жұмыстарын жүргізу;

Қызылорда қаласының 200 жылдығына арналған «Жырым сенсің, Қызылорда!» атты республикалық ақындар айтысын ұйымдастыру;

Композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері К.Дүйсекеев атындағы «Туған жер» атты республикалық әншілер конкурсын ұйымдастыру;

әнші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Б.Шөкенов атындағы «Отан Ана» атты республикалық жас орындаушылар конкурсын ұйымдастыру және Қызылорда қаласында ескерткішін орнату;

Қызылорда қаласының 200 жылдығына арналған «Қорқыт. Қобыз» республикалық қобызшылар конкурсын ұйымдастыру;

КСРО халық әртісі, халық қаһарманы Р.Бағланова атындағы «Ақмаңдайлым» атты республикалық әншілер конкурсын ұйымдастыру;

Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрының Шеки қаласында (Азербайжан Республикасы) өтетін халықаралық театрлар фестиваліне қатысуын және облыстық филармония өнер ұжымының Ресей Федерациясы, Татарстан Республикасына гастрольдік сапарларын ұйымдастыру;

Астана қаласының 20 жылдығына және Қызылорда қаласының 200 жылдығына арналған «Астаналар фестивалі» Қазақстан астанасы театрларының фестивалін  (Қызылорда, Алматы, Астана, Түркістан, Орынбор) ұйымдастыру;

«Парасатты поэзия» халықаралық фестивалін ұйымдастыру;

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы бойынша тарихи-мәдени мұра обьектілерінің 3D форматтағы интерактивті картасын әзірлеуді ұйымдастыру;

Қазалы ауданында Әйтеке би ескерткішін  орнатуды ұйымдастыру;

Шиелі ауданы Тартоғай елді мекенінде 150 орындық ауылдық клубтың құрылысын бастауды ұйымдастыру;

Жалағаш ауданы Мәдениет және Шиелі ауданы Еңбекші елді мекендерінде 150 орындық ауылдық клубтың құрылысын аяқтауды ұйымдастыру;

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын ақпараттық сүйемелдеу бойынша жұмыстарды қамтамасыз ету;

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын ілгерілету мақсатында ақпараттық сүйемелдеу жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету;

үштілділікті ілгерілету бағытында тұрақты түрде жұмыстар жүргізу, оқыту курстарын ұйымдастыру, іс-шаралар өткізу;

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы міндеттерінің нақты орындалуын қамтамасыз ету;

дін саласында дінаралық қарым-қатынастың тұрақтылығын сақтауды қамтамасыз ету.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы міндеттерінің бірі мәдени мұра сақтау және насихаттау.

Осыған орай, Жанкент, Сортөбе, Сығанақ, Бәбіш мола, Қыш қала қалашықтарына археологиялық қазба жұмыстарын жалғастыру;

Сырдария ауданындағы Қалжан ахун мешіт медресесіне қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу;

Жаңақорған ауданындағы Сығанақ қалашығына қоршау жұмыстарын жүргізу;

Қызылорда қаласының Сырдария өзенінің сол жағалауындағы жастарға  қызмет көрсету Орталығының құрылысын аяқтау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

К.А.Тимирязев атындағы Ресейлік мемлекеттік аграрлық университетінде, Санкт-Петербургтік мемлекеттік технологиялық университетінің өсімдік полимерлері, Ресей Федерациясының Мәскеулік ұлттық зерттеу-технологиялық университетінде грант бойынша оқып жатқан алғашқы 78 қызылордалық түлектерді жұмысқа орналастыруын ұйымдастыру;

аймақта мемлекеттік жастар саясатының тиімді жүзеге асырылуы үшін «Қызылорда облысы бойынша 2021 жылдарға дейінгі мемлекеттік жастар саясатын дамытудың Жол картасы» бойынша өңірде салааралық ынтымақтастықты жалғастыруды ұйымдастыру.

АҚПАРАТ 13 ақпан 2018 г. 827 0