ЭКСПОРТТЫҚ ӨНДІРІСТЕРДІҢ ДАМУЫНА ЕКПІН БЕРЕ ОТЫРЫП ЭКОНОМИКАНЫ ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ

Өңір экономикасы құрылымын өзгертуге бағытталған маңызды міндет-бәсекеге қабілетті экспорттық өндірістерді дамыта отырып өңдеу секторының озық өсімін қамтамасыз ету.

2018 жылы:

шикізаттық емес экспорт көлемінің өсімін 2017 жыл деңгейіне 116,7 пайыздан кем болмауын қамтамасыз ету;

Индустрияландыру картасына енген барлық жүзеге асырылған жобалардың «жобалық қуаттылығына» шығу бойынша шаралар қабылдау;

экспортқа және жаңа технологияларды енгізуге бағытталған жаңа инвестициялық жобаларды кәсіпкерлікті қолдау және Индустрияландыру карталарына енгізу бойынша жұмыстарды жүргізу;

жұмыс жасап тұрған индустриялық аймақтарда кемінде бір жаңа жобаны орналастыру бойынша жұмыс жүргізу;

 2018 жылы жоспарланған 5 жобаның іске қосылуын қамтамасыз ету (шыны, молибден, цемент зауыттары, жылыжай және көкөніс қоймасы);

қуаттылығы жылына 1500 тонна құс етін өндіретін құс фабрикасының құрылысын жалғастыру бойынша жұмыстарды жүргізу;

планшет, смартфон және күн панелдеріне арналған аса жұқа шыны өнімдерін шығару зауытының құрылысы жобасын іске асыру мәселесін пысықтауды бастау;

«Қуаттылығы жылына 300 мың тонна кальцийлендірілген сода өндіретін зауытының құрылысы» «Арал сода» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жобасы бойынша құрылысты бастау;

«Шалқия» кен орнындағы тау-кен байыту комбинатының және газтурбиналық электр станциясының құрылысын бастау;

өңірлік инновациялар офисінің қызметін жандандыру;

«ЭКСПО-2017» ұсынылған технологияларды енгізу бойынша Жол картасын іске асыру;

Қызылорда облысына инвестиция тарту бойынша Кеңес отырысын тоқсан сайын өткізу;

басымды салаларда  инвестициялық жобаларды жүзеге асыратын кәсіпорындарға заңнамалармен көзделген инвестициялық преференциялар мен басқа да өнеркәсіптік жеңілдіктерді алуға ықпал ету;

жобалық басқаруға инвестиция тарту бағыты  бойынша бастамаларды іске асыруды  қамтамасыз ету;

өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі капиталға салынған инвестиция көлемін 109,8 пайыздық деңгейге жетуін қамтамасыз ету;

кең таралған пайдалы қазбаларға Қазақстан Республикасы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану» кодексі қолданысқа енгізілгенге дейін жер қойнауын пайдалануға құқық беру бойынша тендер негізінде конкурс өткізу;

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану» жаңа Кодексін түсіндіру бойынша  тиісті мемлекеттік органдардың, Кәсіпкерлер Палатасының және жер қойнауын пайдаланушылардың қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізу;

әлеуетті шетелдік инвесторлармен байланыс орнату мақсатында  шет елдерге барып және шетелдік инвесторларды өңірге шақырып роуд-шоу іс-шараларын өткізу.

2018 жылы Талдықорған қаласында «KAZAKH INVEST» ҰК» акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен өтетін «Юг» аймақтық инвестициялық форумына қатысу;

Қазақстан тауарларының шетел нарығына өтуіне сауда тосқауылдарын жою мақсатында экспорт саясаты бойынша Кеңес жұмысын қамтамасыз ету.

АҚПАРАТ 13 ақпан 2018 г. 918 0