Көлік бойынша

Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесін 63,5 пайызға жеткізу;

автомобиль жолдарын жөндеуге және салуға  республикалық бюджеттен мақсатты трансферттерді ұлғайту мақсатында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігімен жұмыс жүргізу;

Шиелі ауданындағы «Ботабай елді мекеніне кіреберіс» облыстық маңыздағы автомобиль жолын күрделі жөндеуді аяқтау  (28,5 шақырым);

Жаңақорған ауданындағы «Самара-Шымкент-Жаңақорған-Түгіскен-Келінтөбе» облыстық маңыздағы автомобиль жолын күрделі жөндеуді аяқтау (13,4 шақырым);

Шиелі ауданындағы «Шиелі-Қарғалы-Байкенже-Жаңақорған» облыстық маңыздағы автомобиль жолын күрделі жөндеуді аяқтау (25-35 шақырым);

«Қызылжар елді мекеніне кіреберіс» аудандық маңыздағы автомобиль жолын күрделі жөндеуді аяқтау  (7 шақырым);

Қазалы ауданындағы «Өркендеу-Жанкент елді мекеніне кіре беріс» аудандық маңыздағы автожолын күрделі жөндеуді аяқтау (5,65 шақырым);

Арал ауданындағы «Самара-Шымкент-Қамыстыбас-Аманөткел-Бөген» облыстық маңыздағы автомобиль жолын орташа жөндеуді аяқтау (42-68 шақырым);

Арал ауданындағы «Аманөткел елді мекеніне кіреберіс» аудандық маңыздағы автомобиль жолын орташа жөндеуді аяқтау  (2,1 шақырым);

Арал ауданындағы «Қызылжар-Водокачка» аудандық маңыздағы автомобиль жолының құрылысын аяқтау (10 шақырым).

Жаңақорған ауданындағы «Самара-Шымкент-Шалқия» аудандық маңыздағы автомобиль жолын күрделі жөндеуді жалғастыру (11 шақырым);

Арал ауданындағы «Арал-Аэропорт-Жалағаш» автомобиль жолын реконструкциялауды жалғастыру  (64 шақырым);

Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жағалауындағы қозғалысы реттелетін жалпы қалалық маңызы бар магистральды көше жолдарын Мұратбаев көшесі бойындағы бұрыннан бар көпірден «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автотрассасына дейін салуды жалғастыру;

Қазалы ауданының «Қазалы-Қоларық-Бекарыстан би-Жаңақұрылыс» автомобиль жолының 33 шақырымындағы «Әлсейіт» учаскесіндегі Сырдария өзені арқылы өтетін көпір өткелін салуды жалғастыру.

Қармақшы ауданындағы «Самара-Шымкент-Төребай би» аудандық маңызы бар автомобиль жолына орташа жөндеу жүргізу (23,044 шақырым);

Қармақшы ауданындағы «Самара-Шымкент-Иіркөл»  аудандық маңызы бар автомобиль жолына орташа жөндеу жүргізу (5,136 шақырым);

Қармақшы ауданындағы «Самара-Шымкент-Төретам»  аудандық маңызы бар автомобиль жолына орташа жөндеу жүргізу (2,235 шақырым);

Қармақшы ауданындағы «Самара-Шымкент-Жаңажол»  аудандық маңызы бар автомобиль жолына орташа жөндеу жүргізу (6,771 шақырым);

Жаңақорған ауданындағы «Самара-Шымкент-Бірлік» аудандық маңызы бар автомобиль жолына орташа жөндеу жүргізу (3 шақырым);

Жаңақорған ауданындағы «Келінтөбе айналма жол»  аудандық маңызы бар автомобиль жолына орташа жөндеу жүргізу (3,57 шақырым);

Жаңақорған ауданындағы «Кейден ауылына кіреберіс» аудандық маңызы бар автомобиль жолына орташа жөндеу жүргізу (7 шақырым);

Қызылорда қаласы Тасбөгет кентінің көшелеріне  күрделі жөндеу жүргізу;

Қазалы ауданындағы «Қазалы-Қожабақы-Бозкөл-Кәукей» аудандық маңызы бар  автомобиль жолына күрделі жөндеу жүргізу (45-76 шақырым);

Сырдария ауданындағы «Қызылорда-Қоғалыкөл-Шіркейлі» жергілікті маңыздағы  автомобиль жолының 33,9 шақырымында орналасқан  автомобиль  көпіріне  күрделі жөндеу жүргізу;

Сырдария ауданындағы «Қызылорда-Қоғалыкөл-Шіркейлі» жергілікті маңыздағы  автомобиль жолының 39,3 шақырымында орналасқан  автомобиль  көпіріне  күрделі жөндеу жүргізу;

Шиелі ауданындағы «Самара-Шымкент» автомобиль жолының учаскесіне күрделі жөндеу жүргізу (1942-200 шақырым);

«Қорқыт Ата» әуежайы арқылы жаңа халықаралық және республикааралық ұшақ сапарларын ашу бойынша жұмыстар жүргізу;

қалаішілік маршруттарға арналған электрондық билет жүйесін енгізу бойынша жұмыстарды жүргізу.

АҚПАРАТ 13 ақпан 2018 г. 760 0