Тұрғын үй құрылысы бойынша

Қызылорда облысының халқын колжетімді баспанамен қамтамасыз ету бойынша 2018-2020 жылдарға арналған «Орда» Жол картасының іске асырылуын қамтамасыз ету;

барлық көздер есебінен кем дегенде 576 мың шаршы метр тұрғын үйлерді пайдалануға беруді қамтамасыз ету;

халықты колжетімді баспанамен қамтамасыз ету мақсатында «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы, «Байтерек Development»  акционерлік қоғамы,  «Самұрық-Қазына» Ұлттық Әл-ауқат Қоры»  акционерлік қоғамы желісі бойынша Қызылорда қаласында тұрғын үй құрылысын жалғастыру;

облыс және аудандар орталықтарында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы бойынша жұмыстарды жалғастыру;

«Нұрлы жер» бағдарламасы параметрлеріне сәйкес сатып алу мүмкіндігінсіз жалға берілетін жалдамалы тұрғын үйлер құрылысының жоба-сметалық құжатын әзірлеу;

қала құрылысының нормаларының сақталуына,  курорттық аймақтардың аумағында ретсіз құрылысқа жол бермеуге тиісінше бақылауды қамтамасыз ету;

Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жағалауында салынып жатқан  тұрғын үйлердің, әлеуметтік нысандардың және инфрақұрылымдардың құрылысына заманауи материалдарды қолдануына, интеллектуалдық басқару жүйелерімен жабдықталуына ықпал жасау және ғимараттардың сапасына, экологиялық тазалығына, энергиялық тиімділігіне бақылау-қадағалау шараларын жүзеге асыру.

 

АҚПАРАТ 13 ақпан 2018 г. 861 0