2018 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ КЕЗЕКТЕГІ ІС-ҚИМЫЛ ЖОСПАРЫ

2018 жылға арналған Қызылорда облысы әкімінің бірінші кезектегі Іс-қимыл жоспарының (бұдан әрі - Іс-қимыл жоспары) мақсаттары, басымдықтары және міндеттері 2018 жылдың 10 қаңтарындағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауына, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларға, 2020 жылға дейінгі Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық даму Стратегиясына, сонымен қатар, ағымдағы экономикалық жағдайға сәйкес айқындалды.

Әлеуметтік-экономикалық дамудың «стратегиялық факторы» ретінде кәсіпкерлік қызметті жандандыруға қолайлы жағдай жасау мақсатында 2018 жыл жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы болып жарияланады, бұл өз кезегінде:

- жаңа жұмыс орындарын құруды;

- салық базасын кеңейтуді;

- қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтауды қамтамасыз етеді.   

Бірінші кезектегі Іс-қимыл жоспарының негізгі басымдықтары болып:

«Қазақстан Республикасының индустриалдық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы», «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы», «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» және тағы басқа үкіметтік және аумақтық бағдарламаларды іске асыру аясында облыс кәсіпкерлерінің мемлекеттік қолдау шараларын алуына ықпал ету;

оларды көлеңкелі бизнестен шығару арқылы кәсіпкерлердің базалық санын арттыру;

жұмыссыз ретінде жұмыс іздеп жүрген және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды нәтижелі жұмыспен қамту арқылы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту;

көлік және тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды модернизациялау (сол жақ жағалауды дамыту және т.б.);

экспорттық өндірістердің дамуына екпін бере отырып, экономиканы индустрияландыру;

агроөнеркәсіп кешенін дамыту, оның ішінде ауылшаруашылық өнімдерінің экспортын ұлғайту;

бірінші кезектегі тауар бағаларының және коммуналдық қызметтер бағаларының шарықтап кетуінің алдын алу;

экономиканы цифрландыру (мемлекеттік қызмет сапасын арттыру);

адами капиталды дамыту (білім беру, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет, жастар саясаты, қоғамдық тәртіп, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және т. б);

жобалық менеджментті дамыту аясында жобаларды жүзеге асыру;

халықаралық қаржы ұйымдары және мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы тікелей инвестицияларды тарту анықталды.

АҚПАРАТ 13 ақпан 2018 г. 1 024 0