« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Бүгінгі күнге, қаланың шекарасының кеңеюіне байланысты, сондай-ақ, шағын және орта бизнестердің дамып келе жатқаны себеп болуы керек, жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы мәселелер жиі көтеріліп келеді. Яғни, бірі жеке үйінің ауласынан немесе үйінің бір бөлігінен дүкен ашуға, бірі ауыл шаруашылығы мақсатындағы, пайдалануға табысталған жерге тұрғын үй құрылысын салуға тырысып бағуда.
Десе де, әркімнің мақсаттары әртүрлі, бірақ олар табысталған жерлердің нысаналы мақсаттарына сәйкес келмей жатады.
Негізінен, жер учаскелері, құжаттарда көрсетілген мақсаты бойынша пайдаланылуы тиіс. Мысалы, егер жер, дүкен салу үшін берілген болса, оған дүкен салынуы тиіс, жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілген болса, тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылуы қажет.
Сондай-ақ, айта кететін мәселе, жер учаскесіне қатысты нысаналы мақсатын өзгерту туралы заңды құжаттары дайын болмайынша, жерді іс жүзінде басқа мақсатта пайдалануға болмайды.
Алайда, бүгінгі күндері, жер учаскесінің меншік иесі, алдымен жерін қандай мақсатта пайдаланатынын өз бетінше шешім қабылдап, аталған шешімін іс жүзінде орындап (құрылысын салып болып), кейін жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту қажет екендігі есіне түсіп жатады.
Сол себепті, құжатпен белгіленген жердің бастапқы нысаналы мақсатын іс жүзінде өз бетінше өзгерту, яғни, жер учаскесін немесе оның бір бөлігін Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдалану Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне сәйкес құқық бұзушылық болып есептеліп, жауаптылыққа әкеп соғады.
Осы ретте, Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы тарапынан, жерді нысаналы мақсатына сәйкес, яғни жер учаскесін түгел немесе бір бөлігін мақсатында пайдаланбағандары үшін 2017 жылы жүргізілген тексерулерінің қорытындысы бойынша, 102 жеке және заңды тұлғаның үстерінен ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 339-бабына сәйкес, әкімшілік істер қозғалып, әкімшілік жауаптылыққа тартылған. Әкімшілік шарамен қатар, жер учаскесін нысаналы мақсаты бойынша пайдалану қажеттігі туралы нұсқамалар берілді. Берілген нұсқаманың талаптары тиісті түрде орындалмауына байланысты, жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою үшін сот органдарына талап-арыздар жолданды.
Нәтижесінде нұсқама талаптарын орындамаған жер пайдаланушылардан кәсіпкерлік мақсаттағы 6 жер учаскесі сот шешімімен мемлекет меншігіне қайтарылған. Атап айтқанда, «Мерей-1» ЖШС пайдалануына берілген көлемі 0,2 га, «Арал Газ» ЖШС пайдалануына берілген көлемі 0,6 га, «Қайнар Сауда ЛТД» ЖШС пайдалануына берілген көлемі 0,3 га және «Абсолют КЗ» ЖШС пайдалануына берілген 3 жер учаскесінің көлемі 1,4064 га жер учаскелері, Басқарманың талап-арыздарының негізінде мемлекет меншігіне қайтарылған.
Осы орайда, облыс аумағындағы меншік иелері мен жер пайдаланушылар, Қазақстан Республикасының жер заңнамаларымен белгіленген міндеттерін бұлжытпай орындап, жер учаскелерін нысаналы мақсаттарына сәйкестендіріп пайдаланулары қажет екендігін назарларыңызға жеткіземін.
С.ӨМІРЗАҚОВ,
Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының мониторинг,
сараптама және есеп бөлімінің бас маманы.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |