Бағыт-бағдар берілді

Партияның «Теміржол» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Танбаева азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға Қызылорда бөлімшесінің қызметкерлермен жұмыс жасау бөлімінің бастығы Н.Бимұратов, бөлімшенің заң кеңесшісі Д.Айқожаев та қатысты.
Онда жетекші партия өкілі келген азаматтардың өтініштерін қарады. Қабылдау барысында партия тарапынан қандай да бiр көмек көрсету, мәселелердiң шешiлуiне мүмкiндiгiнше ықпал жасау мақсатында азаматтардың арыз-шағымдарын жете талқылап, оңтайлы шешілуіне жұмыстар жүргізілді. Ал кейбір мәселелерге орай жан-жақты кеңес берілді.
АҚПАРАТ 03 ақпан 2018 г. 615 0