
Алматы қаласында жасөспірімдер арасында мәнерлеп сырғанаудан өткен «Ice Tiger» халықаралық турнирінде облыс командасы табысты өнер көрсетті. Сегіз елден 350 спортшы қатысқан дүбірлі жарыста жерлестеріміз жүлделермен оралды.
1 жасөспірімдік разряд бойынша еркін бағдарламада ұлдар арасында өнер көрсеткен Манас Бекташов халықаралық турнир жеңімпазы атанды. 2 жасөспірімдік разряд бойынша қыздар арасында еркін бағдарламада 16 спортшының арасынан Жансая Есен күміс жүлдені иеленді. 3 жасөспірімдік разряд бойынша еркін бағдарламада 24 қатысушының арасынан Амина Сұлтан қола жүлдеге ие болды.
Жарысқа жасөспірімдерді жаттықтырушы Лариса Давыдова баптап апарды.
Д.АЯШҰЛЫ.