| « Қыркүйек 2026 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
| 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
| 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
| 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
| 28 | 29 | 30 | ||||
Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрының шығармашылық ұжымы аттестациядан өтті.
Сынақты Т.Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясының профессорлары, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Аман Құлбаев және Дариға Тұранқұлова қабылдады. Сондай-ақ, олар жергілікті актер-актрисаларға арнап «Актер шеберлігі», «Сахна тілі» тақырыптарында шеберлік сабақтарын өткізді.
– Мұнда келгендегі мақсатымыз – шығармашылық ұжымның біліктілігін арттырып, шеберліктерін шыңдай түсу. Театрдың жұмысымен, репертуарымен таныстық. Шекспирдің «Макбетін» тамашалай отырып, ұжымның, оның ішінде жастардың беталысын бағамдап, актерлар мен режиссердің байланысына куә болдық, – дейді А.Құлбаев.
Аттестациядан өткен өнер иелеріне біліктілік деңгейлерін растағаны жөнінде сертификаттар табыс етілді.
Н.ҚАЗЫБАЙҚЫЗЫ.
| « Қыркүйек 2026 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
| 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
| 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
| 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
| 28 | 29 | 30 | ||||