
Жаңақорған ауданы, Қожакент ауылы ауылшаруашылық саласы бойынша 2017 жылды жоғарғы көрсеткішпен аяқтаған болатын. Ауылдағы "Миялы" кооперативіндегі 65 отбасы Қызылорда облыстық ауылшаруашылық қаржылай қолдау қоры арқылы төмендетілген пайызбен шағын несиеге барлығы 917 мал сатып алынып, мал бордақылады. Ең қуанышты жаңалықтың бірі 2017 жылы кооператив мүшелерінің үлкен өтініші - мал сою пунктін ашу болатын. Осыған орай құны 23 млн теңгеге мал сою бекеті ашылды.
Түйін: Кəсіп ашып, өз ісін дамытуды мақсат еткен кез-келген аудан тұрғындарына мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі. "Еңбектің наны тəтті" дегендей тек кәсіптің көзін тауып, аз қиындықтарға төтеп бере алған тұлға нəтижесінде зор пайдаға кенеледі жəне өз ісінің үздігі бола алады.