« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
18 қаңтар күні сағат 15.00-де «Нұр Отан» партиясының Сырдария аудандық филиалының мәжіліс залында Сырдария аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен «Ұлттық сараптама орталығының» Қызылорда облыстық филиалының Сырдария аудандық бөлімшесі ұжымдарымен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдау бойынша түсіндіру, талқылау жұмыстары жүргізілді.
Бұл жиынға «Нұр Отан» партиясының Сырдария аудандық филиалының кеңесшісі Берік Бахытбекұлы Ахметов қатысып өз пікірін білдіріп Елбасы Жолдауының 10 бағытын толық түсіндіріп, маңызды деректерге тоқталып өтті. Одан әрі Басқарманың санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау, техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау және қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің басшысы Жанар Нұрсұлтанова Жолдаудың 7-ші бағыты Денсаулық сақтау қызметіне қатысты ақпаратқа тоқталып, болашақта қоғамдық денсаулықты сақтау қызметі мен медицина саласында жаңғыру үрдісі қажет екені жөнінде атап өтті. Елбасымыз атап өткендей медициналық кадрлармен қамтамасыз ету, оларды сапалы даярлау маңызды мәселе екендігі жөнінде айтылған пікірмен келісетіндігін айта кетті. Жиын барысында Басқарма басшысы Ерлан Амантайұлы Ұзақбаев пен Бөлімше бастығы Жансая Ақылбекова 2018 жылғы Жолдау бойынша өз пікірлерін жасады. Жиын сонында Басқарма мен Бөлімшенің қызметкерлері тарапынан сұрақтар қойылып, өз пікірлерін білдірді.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |