
Шиелі ауданында "Қуаныш” атты жаңа ойын-сауық кешені халық игілігіне пайдалануға берілді. "Бизнестің жол картасы-2020” аясында тұрғызылған кешен – кәсіпкер С.Смағұлованың жобасы. Аймақтағы теңдесі жоқ мұндай кешен Шиелі кенті тұрғындарын қуантып отыр. Өйткені мұнда отбасылық демалушыларға барлық жағдай жасалған. Яғни, соңғы үлгідегі жаттығу залы, бассейн-сауна, балалар ойын-сауық орталығы, сұлулық салоны, қонақ үй және тағы басқа халыққа қажетті қызмет түрлері ұсынылады.
Сондай-ақ, кәсібі мен нәсібі өрге домалаған кәсіпкер Т.Есенова "Шиелі такси” жолаушы тасымалдау қызметін ашып, 52 тұрғынды жұмыспен қамтыған. Бұл да аймақ кәсіпкерлерінің өркенді ісінің көрінісі, баянды жемісінің белгісі.
Нұрбек САҒАТҰЛЫ.