« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру аясында 2018 жылдың 11 қаңтарынан бастап инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялаудың басталғаны туралы хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы №48 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 28 қарашадағы №473 бұйрығымен бекітілген «Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» қағидалары негізінде жүзеге асырылады.
Субсидиялауға өтініш берілген жылға дейін екі жылдан кеш емес пайдалануға берілген, жаңа өндірістік қуаттылықтар құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге бағытталған (инвестициялық салымдар) инвестициялық жобалар жатады. Бұл ретте, субсидиялауға инвестор инвестициялық жоба пайдалануға берілетін күнге дейін 24 айдан ерте емес мерзімде шеккен инвестициялық жоба шеңберінде техника мен жабдықты сатып алуға кеткен шығыстар жатады.
Бұл ретте, тиісті күнтізбелік жылдың 1 шілдесіне дейін Басым бағыттар тізбесінде көрсетілген бірінші топтың бағыттары (секторлары) бойынша инвестициялық субсидиялар беруге арналған өтінімдер қабылданады және қаралады. Бірінші топ ішінде Басым бағыттар тізбесінде көзделген кезектілік бойынша басым тәртіппен инвесторлардың өтінімдері қаралады.
Тиісті күнтізбелік жылдың 1 шілдесінен кейін бірінші және екінші топтың бағыттары бойынша инвесторлардың өтінімдері қабылданады және қаралады. Бұл ретте, басым тәртіппен бірінші топтағы инвесторлардың өтінімдері өтінім беру күніне қарамастан, Басым бағыттар тізбесінде көзделген кезектілік тәртібімен қаралады. Екінші топтың өтінімдері Басым бағыттар тізбесінде көзделген кезектілік бойынша қаралады. Осы тармақтың үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген кезектілік тәртібімен ауыл шаруашылығы кооперативтерінің өтінімдері басым тәртіппен комиссия отырысында бүкіл күнтізбелік жыл бойы қаралады.
Субсидиялауды жүзеге асыру үшін инвестор (ауыл шаруашылығы субъектісі) Қағиданың 18-тармағына сәйкес, мынадай құжаттарды қалыптастырады және Мемлекеттік корпорацияға тапсырады:
1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
2) инвестор қол қойған және мөрмен бекітілген, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инвестициялық субсидиялауға арналған өтінім (бұдан әрі - өтінім);
3) бизнес-жоспарды, (қайта өңдеуші өнеркәсіпті дамыту бағыттары бойынша жобаларды іске асыру кезінде ғана талап етіледі) шарттарды немесе коммерциялық ұсыныстарды қоса бере отырып, жаңа өндірістік қуаттылық құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге арналған инвестициялық салымдар және оларды іске асыру мерзімдері туралы ақпарат;
4) жобаны тартылған қаражат (кредит/лизинг) есебінен іске асырған жағдайда, инвестордың субсидия алу ниеті туралы қаржы институтына жіберген хабарламасының көшірмесі.
Егер инвестициялық жоба пайдалануға берілген, сондай-ақ инвестициялық жоба шеңберінде техника мен жабдықтар сатып алу жүзеге асырылған болса, инвестор осы Қағидалардың 19-тармағында көзделген құжаттарды қосымша ұсынады.
19. Жаңа өндірістік қуаттылықтар құру немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту және инвестициялық жоба объектісін пайдалануға беру немесе техника мен жабдықтарды сатып алу бойынша барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін инвестор Мемлекеттік корпорацияға комиссия екінші кезеңде қарауы үшін мынадай растайтын және құқық белгілейтін құжаттарды ұсынады:
1) өтінім;
2) инвестордың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы комиссияның хаттамалық шешімі (бұдан бұрын инвестор бірінші кезеңде өтінім берген жағдайда);
3) инвестициялық жобаның объектісін пайдалануға қабылдау туралы мемлекеттік қабылдау не қабылдау комиссиясы актісінің көшірмесі (жаңа өндірістік қуаттылықтар құру кезінде);
4) сатып алушы мен жеткізуші арасындағы жабдықтарды пайдалануға беру актісінің көшірмесі (жабдықтарды сатып алу кезінде);
5) жаңа өндірістік қуаттылықтар құруға не жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге арналған инвестициялық салымдарды растайтын сатып алу-сату шарттарының, шот-фактуралардың, төлемді растайтын құжаттардың көшірмелері;
6) ауыл шаруашылығы техникасын, арнайы техника мен технологиялық жабдықтарды қабылдап алу-беру актілерінің көшірмелері;
7) ауыл шаруашылығы техникасын сатып алған кезде құқық белгілейтін құжаттардың (көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, техникалық паспорт) көшірмелері ұсынылады;
8) қаржы институттарында тартылған қаражат есебінен инвестициялық салымдар жүзеге асырылған жағдайда, қаржы институты куәландырған кредиттік/лизингтік шарттар көшірмелері;
9) бизнес-жоспарда көзделген мерзімдерде, өндірістік қуаттылықтардың жүктемесі кемінде 30%-ға жеткеннен кейін осы Қағидалардың 11-тармағының 2-тармақшасына сәйкес, инвестор растайтын құжаттарды (бизнес-жоспар, өндірілген өнім түрлері бойынша өткізуді заттай және құндық мәнде растайтын құжаттар) ұсынады. Қуаттылықтардың жүктемесін растау үшін, осы тармақшада көрсетілген құжаттардың, сондай-ақ, екінші кезеңде инвестордың өтінім берген сәтінің алдындағы тоқсан үшін инвестордың «Өнеркәсіп статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2015 жылғы 30 қаңтардағы №20 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11055 болып тіркелген) бекітілген «Кәсіпорынның өнім (тауар, қызмет) өндіру және жөнелту туралы есебі» жалпымемлекттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанының (коды 0311102, индексі 1-П, кезеңділігі тоқсандық) негізінде дайындалатын өндірістік қуаттылықтардың жүктемесіне қол жеткізілгені туралы жұмыс органының мониторинг актісі жасалады.
Инвестициялық субсидиялаудың шарттары туралы толық ақпаратпен zan.gov.kz сайтынан танысуға, қосымша ақпараттармен Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасына 8 (7242) 60-54-50 нөміріне қоңырау шалу арқылы білуге болады.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |