BEELІNE БЕДЕРІ

«Nomad palace» мейманханасында Beelіne Қазақстан компаниясының атқарушы директоры  Тарас Пархоменко аймақтағы БАҚ өкілдеріне арнап баспасөз мәслихатын ұйымдастырды. Айта кетейік, ұялы байланыс саласындағы жоғары дәрежелі мейманның келуі Сыр өңіріндегі Beelіne абоненттері шоғырының мол екендігінен білуге болады. 
Тілшілермен кездесуінде компания өкілі жалпы республикадағы және Қызылорда облысындағы ұялы байланыс саласындағы ахуалды, қолжетімді пакеттерді, сондай-ақ, компания жетістіктерін тізбелеп айтып берді. Жұмыстарының жүйелілігі, әлеуметтік жобалар, қайырымдылық шаралар аясындағы қызметтері жұртшылықтың көңілінен шығуда. 
 – Біз корпоративті әлеуметтік жауапкершілікті көтеруді көздейтін бағдарламаларға 1,1 млрд. теңге шамасында қаржы бағыттадық. Негізінен білім, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау саласы мен қайырымдылық шараларға баса назар аудару компанияның табысты өсуіне ықпал етуде, – дейді  білікті басшы. Сондай-ақ, 4G технологиясын аймақтық нарыққа 2017 жылы шығару қолға алынатынын жеткізді. 
Ұялы байланыс операторлар ішінде алғашқы үштікте тұрған Beelіne Vіmpelcom LTD тобына кіреді. Компанияның  қызметін бүгінде әлемнің 17 мемлекеті пайдаланады. Елімізге 2005 жылдан бастап енген Beelіne операторы қазіргі кезде 9 млн. абонентке заманауи үлгідегі қызмет түрлерін көрсетіп келеді.
Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ.

АҚПАРАТ 22 ақпан 2014 г. 790 0