ТҰЯҚОВ ОҚУЛАРЫ

Облыс әкімінің тапсырмасымен білім басқармасының жанынан «Аймақтық дене тәрбиесі орталығы» кәсіпорны құрылып, жұмыс жасауда. 
Кәсіпорын аудан, қала мектептерінде спорт үйірмелерінің жұмысын жүйелеумен айналысады. Жуырда орталықтың ұйымдастыруымен аймақтың білім ошақтарында Әмин Тұяқов оқулары өткізілді.  
Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандары мектептерінде дене тәрбиесі пәнінің ұстаздары оқушыларға Еуропа кубогының жеңімпазы, КСРО-ның 8 дүркін чемпионы, Одақ рекордын 6 мәрте жаңартқан Әмин Тұяқов жайлы арнайы сабақтар өткізіп, шеберлік сабақтары ұйымдастырылды. 
А.ӘЛИЕВ.

АҚПАРАТ 22 ақпан 2014 г. 949 0