« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Қазақстан Республикасының «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңына сәйкес, мемлекеттік метрологиялық бақылау объектілері болып табылатын өлшеп орау, сату және импорттау кезіндегі кез келген орам түріндегі өлшеп оралған тауарлардың санын бақылау мақсатында Техникалықреттеужәне метрология комитетініңҚызылорда облысы бойынша департаменті 2017 жылы тауар үлгілерін сатып алып және орауышқа өлшеніп буып-түйілген тауарлардың санының қаптамаларда белгіленген шамаға сәйкес келуіне Қызылорда облыс көлемінде азық-түлік және синтетикалық жуғыш заттарды сатумен айналысатын заңды және жеке тұлғалардың қызметіне тексерістер жүргізді.
Тексерудің мақсаты тауар өндіруші, импорттаушы және сатушылардың мемлекеттік стандарттардың, нормативтік құжаттардың міндетті талаптарын орындалуын бақылау болып табылады. Тексеру барысында өлшеп оралған тауарлар санының қаптамаларда белгіленген шамаға сәйкес келмеуі фактілері анықтады.
Өнімдердің таза салмағын өлшеу нәтижесі бойынша: Ресейде өндірілген «Коржи» кондитерлік өнімі,«Царь» тез дайындалатын қарақұмық жармасы, «Брусника киселі», «Sefguard» сабыны, Қазақстанда өндірілген «Лия» кеспесі, «Қара жидек» киселі, «Royal» картоп тағамдарына арналған дәмдеуіш, «Royal» құрғақ кілегейі, «Корона Премиум» жоғарғы сұрып ұны, «Сим Сим» қуырылған күнбағыс тұқымдары, «Jonsons» сабынының саны қаптамада көрсетілген шамаға сәйкес келмеген.
Жоғарыда аталған тауарлардың салмағы таза салмақтың рұқсат етілетін мәнінің шекарасынан төмен болуына байланысты жарамсыз деп танылды, өйткені рұқсат етілетін кері ауытқулар шегінен ауытқушылық бар екені анықталды, ал ол Мемлекеттік стандарт 8.579-2002, 4.2. 5.1. және Қазақстан Республикасының стандарты 2.156-2009, 5.5 тармақтары талаптарына сәйкес еместігі анықталды.
Мемлекеттік метрологиялық бақылау нәтижесінде, Департамент тарапынан заңды тұлғаларға қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіне сәйкес әкімшілік іс қозғалып айыппұл салынып, Заң бұзушылықтарды жою және жарамсыз өнімдер топтамасын айналымға шығаруға тыйым салу туралы нұсқамалар берілді.
Техникалық реттеу және метрология
комитетінің Қызылорда облысы
бойынша департаменті
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |