Астанадан құттықтау

Құрметті Қырымбек Елеуұлы!
Барша астаналықтардың және Өзімнің атымнан Сізді және өзіңіз басқарып отырған облыс тұрғындарын Қызылорда қаласының күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.
Қызылорда өңірі қашаннан өндірісі өнімді, шаруашылығы ширақ, «Сыр елі – жыр елі» ретінде танылған өнері мен мәдениетінің өзіндік сипатымен ерекшеленген өңір.
Бұл күндері шырайлы шаһардың өнеркәсібі өндірімді, мәдениеті мазмұнды, тірлігі тиянақты жұмыс жасап, еліміздің өркендеуіне үндес үлкен қарқынмен дамып келеді. Бұл да болса Елбасының сенімін арқалап, осынау өңірдің басшылығын қолға алып отырған Сіздің іскерлігіңіз бен тұғырлы тұлғаңыздың арқасы деп білемін.
Қызылорда облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық саласын дамытуға арнаған әрбір ісіңіз халықтың ықылас-құрметіне бөлене берсін.
Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, қызметіңізге табыс тілеймін!
Құрметпен Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов.

АҚПАРАТ 10 қазан 2013 г. 1 168 0