« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Мемлекет басшысының 2017 жылдың 14 ақпанында №420 Жарлығымен ҚР Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.
Бағдарлама аясында мемлекеттік қаржылық қолдау шараларын тиімді пайдалану міндеті белгіленген. Жыл сайын агроөнеркәсіп кешені саласын қолдауға мемлекет тарапынан қомақты қаржы бөлінуде.
АӨК қаржылық қолдау шараларын тиімді пайдалану бойынша талдау жасалып, оның ішінде тиімсіз субсидияларды тыйып, тиімді субсидияларға бағыттау қаралды. Атап айтқанда, биыл егіншілік саласында «гектарлық» субсидиялар тоқтатылып, оның орнына мемлекеттік қолдаудың басқа механизмдері енгізілді.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы ауыл шаруашылығы министрлігімен дер кезінде жұмыс жүргізу нәтижесінде басым дақылдарға субсидия төлеу ережесінде күрішке гектарлық субсидия төлеу қалдырылды. Мал азықтық дақылдардан сүрлемдік жүгеріге, жаңа жоңышқаға, біржылдық мал азықтық дақылдарға гектарлық субсидия төлеу қарастырылды. Ал, майлы дақылдарға өндірілген көлеміне қарай төленетін болып белгіленді.
Осы шаралардың нәтижесінде 2017 жылдан бастап егін шаруашылығындағы мемлекеттік қолдау көрсетіліп келген 15 ауыл шаруашылығы дақылдарының 5-і (күріш, сүрлем жүгері, қорғалған топырақ жағдайында өсірілген көкөніс, бірінші жылы өсіп жатқан көпжылдық шөптер, майлы дақылдар) қалдырылып, 10 дақылға (дәндік жүгері, тамшылатып суару арқылы өсірілетін дәндік жүгері, картоп, тамшылатып суару арқылы картоп өсіру, көкөніс, тамшылатып суару арқылы көкөністер өсіру, бақшалық дақылдар, тамшылатып суару арқылы бақшалық дақылдар өсіру, тамшылатып суару арқылы өсірілетін сүрлем жүгері, екінші және үшінші жылғы бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер) субсидия төлеу алынып тасталды.
Мал шаруашылығындағы субсидиялау құралдары сатып алынған асылтұқымды малдың құнын, селекциялық асыл тұқымдық жұмыс жүргізуге, ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыруға, күтіп ұстауға арналған шығындарды арзандатуға, мал шаруашылығы өнімін өндіру құнын арзандатуға бағытталған.
Соңғы 5 жылда ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемі облыста 2012 жылы 48,3 млрд теңге болса, ал 2016 жылы 80,6 млрд теңгеге дейін өскен.
Ет өндірісі 2012 жылы 32,3 мың тонна болса, 2016 жылмен салыстырғанда 5,8 пайызға (34,2 мың тонна) артты. Сүт өндірісі 2016 жылы 83,7 мың тонна өндірілген, 2012 жылмен салыстырғанда 5,4 мың тоннаға немесе 6,8 пайызға артты.
Негізгі дақыл – күріштің әр гектарынан 2012 жылы 37,5 центнерден өнім алынып 283,7 мың тонна өнім жиналса, 2016 жылы 54,9 центнерден өнім алынып, 449,4 мың тонна күріш салысы жиналды. Бұл – облыстың күріш өндірісі тарихында бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Және диқандардың тынымсыз еңбегінің арқасында қол жеткен нәтиже.
Сонымен қатар, мемлекеттік қолдау арқылы ауыл шаруашылығы құрылымдары – машина-трактор паркін қарқынды жаңалануда. Тек соңғы 3 жылдың ішінде 691 дана жаңа техника алынды.
Аймақтың аграрлық саласында ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақты дамуы мемлекеттік қолдауларды ұтымды пайдаланудың арқасында деп айтуға болады.
Б.ҚАСЫМБЕКҰЛЫ,
облыстық экономика және
бюджеттік жоспарлау басқармасы
ауыл шаруашылығын және
ауыл аумақтарды дамыту бөлімі.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |