ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ БОЛДЫРМАУ БАСТЫ МІНДЕТ

Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасына сәйкес мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірқатар іс-шаралар атқарылып келеді.  
Елбасымыз құқық қорғау органдары қызметін реформалау туралы сөзінде жең ұшынан жалғасқан жемқорлықтың әлі де тыйылмай келе жатқанын және онымен күрес жолдарын тиісінше атап көрсетті. Осыған орай еліміздің құқықтық органдар саласы өз жұмыстарын ширата түсіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын белгілеуде. Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүзеге асырудағы 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары» бекітілді. Осы жоспарға сәйкес мекемеде 2014 жылдың 7 ақпанында прокуратура, қаржы полициясы, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі органдарымен және «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелдің тақырыбы: «Сыбайлас жемқорлықпен күрес басты назарда» болды. Онда Қызылорда облысы экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Бақытжан Ниязов жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтар және атқарылған жұмыстар туралы кеңінен тоқталып кетті. Сонымен қатар, мемлекеттік органда кез келген қызметкер сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыс жасаса, аталған мемлекеттік органның басшысы жауапкершілікке тартылатындығын тілге тиек етті.

Е.АСҚАР.
АҚПАРАТ 15 ақпан 2014 г. 1 341 0