« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
1. «Қазалы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 2017 жылғы 13 желтоқсанда «Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Әйтеке би көшесі №60 үй, 9 кабинет» мекен-жайы бойынша жолаушылардың және багаждың кентішілік және елді мекендерді: қаланы, ауылдарды (селоларды) аудан орталығымен жалғастыратын тұрақты автомобиль тасымалдарының маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткізу туралы хабарлайды.
2. Конкурсқа мынадай маршруттардың пакеттері (маршруттар) шығарылады:
Лот №1 №1 Әйтеке би кенті - Қазалы қаласы», лот №2 «№2 Аудандық аурухана - Достық көшесі», лот №3 «№3 ХҚКО-№5 квартал айналма жол», лот №4 «№4 Ғ.Мұратбаев ауылына шыға беріс - №5 квартал айналма жол», лот №5 «№5 Астық қоймасы - Сүлеймен ауылы», лот №6 «№6 Теміржол ауруханасы - Астана көшесі», лот №7 «№7 РЗА сүт зауыты - Жанқожа 3км учаскесі», лот №8 «№8 Кірпіш зауыты - №170 жаңа мектеп», лот №9 «Ақтан - Қазалы - Әйтеке би», лот №10 «Бірлік - Қазалы - Әйтеке би», лот №11 «Бекарыстан би - Қазалы-Әйтеке би», лот №12 «Майдакөл - Жалпақ-Әйтеке би», лот №13 «Ү.Түктібаев - Қазалы-Әйтеке би», лот №14 «Аранды - Қазалы - Әйтеке би», лот №15 «Қожабақы - Қазалы - Әйтеке би», лот №16 «Бозкөл - Қазалы - Әйтеке би», лот №17 «Кәукей - Қазалы - Әйтеке би», лот №18 «Абай - Қазалы - Әйтеке би», лот №19 «Тасарық - Қазалы - Әйтеке би», лот №20 «Ақсуат - Әйтеке би», лот №21 «Өркендеу - Қазалы - Әйтеке би», лот №22 «Әйтеке би - Қ.Пірімов - Басықара», лот №23 «Әйтеке би - Жалаңтөс», лот №24 «Әйтеке би - Ғ.Мұратбаев», лот №25 «Әйтеке би - Жанқожа», лот №26 «Шәкен - Әйтеке би», лот №27 «Сарыбұлақ - Әйтеке би».
3. Конкурсқа меншік нысанына қарамастан, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде техникалық ерекшелігі:
- автобустар үшін жақсы жағдайдағы, жөндеуді қажет етпейтін, жалпы сыйымдылығы 40 (оның ішінде орындықтар саны 22 данадан кем емес), басқару органдары сол жақта орналасқан, 2 дана жолаушыларға арналған есігімен қамтылған;
- Ресейлік шағын автобустар үшін жақсы жағдайдағы, жалпы сыйымдылығы 12-ден кем емес (жүргізушіні қоспағанда), еуропалық шағын автобустар үшін жақсы жағдайдағы, жалпы сыйымдылығы 14-тен кем емес (жүргізушіні қоспағанда), басқару органдары сол жақта орналасқан;
- Азиялық елдерден шыққан орташа сыйымдылықты автобустар үшін жақсы жағдайдағы, жөндеу жұмыстарын қажет етпейтін, жалпы сыйымдылығы 22-ден (оның ішінде орындықтар саны 16 данадан кем емес) І, ІІ класты автокөлік құралдарын иеленуші кез келген жеке және заңды тұлғалар қатысуға құқылы.
4. Конкурсқа қатысуға тілек білдірушілер аудан әкімінің аппаратына конкурстық құжаттардың жиынтығын алу үшін жазбаша өтінімді «Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Қ.Пірімов көшесі № 5 үй, 308-бөлме» мекен-жайы бойынша ұсынуы тиіс.
5. Конкурстық құжаттарды алуға өтінімдерді қабылдаудың және конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі – 2017 жылдың 28 қарашасы.
6. 2017 жылғы 17 қарашада конкурстық комиссия конкурсты өткізу мәселелері жөніндегі конкурс алдындағы конференцияны өткізеді.
7. Анықтама алу үшін телефон: 8/72438/ 23-9-17.
8. Конкурсқа қатысушылар «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығының талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Қазалы ауданы әкімінің аппараты.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |