ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – БАРШАҒА ОРТАҚ МІНДЕТ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – мемлекет дамуының басты факторы. Ол мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі ретінде айқындалды. Осының бір дәлелі ретінде еліміз Біріккен Ұлттар Ұйымының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес конвенциясына қосылып, шарттарын жүзеге асыруда.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызмет болып табылады. Ол білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені арқылы жүзеге асырылады.  
Мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайластық көріністерінің пайда болуына объективті және субъективті бірнеше факторлар себепші болатыны белгілі. Қазіргі таңда әлемде сыбайластық көріністері байқалмайтын бірде-бір мемлекет жоқ. Алайда, көптеген дамыған елдерде жемқорлық сияқты теріс әлеуметтік құбылысқа қоғамның жек көру сезімі қалыптасқан.  
Сыбайлас жемқорлық – мемлекетті ішінен жою мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер тудырудың бастамасы.
Бұл қауіптің алдын алуға елімізде жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған Елбасын ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы іске асырылуда және жемқорлықты біржолата жою мақсатында көптеген іс-шаралар жүргізілуде. Осы мақсатта «9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні» еліміздің барлық өңірінде ұйымдастырылуда.  
Жерімізге, елімізге жаны ашитын, мемлекеттің болашағын ойлайтын арамыздағы азаматтар жемқорлыққа жол бермейді. Сондықтан, ел болашағы үшін баршамыз сыбайлас жемқорлық сипатындағы әрекеттерге жол бермейік.  
 Өйткені, оған қарсы күрес барша қазақстандық азаматтардың азаматтық борышы.    

Марат НҰРМАҒАМБЕТОВ,  
облыстық орман шаруашылығы және  
жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы  
басшысының  
орынбасары.
АҚПАРАТ 18 қараша 2017 г. 513 0