« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы ел дамуының жаңа сатысын бағдарлайтын маңызды құжат саналады.
Жолдау жүктегендей, орталық органнан жергілікті жерлерге көптеген функция мен өкілеттіктер берілуіне байланысты, аудандық және ауылдық жерлердің қаржылық дербестігін нығайту қажеттігі тапсырылды. Бірақ, бюджет қаражатын мақсатты және тиімді пайдалану керектігіне баса назар аударды.
Осы міндеттерге сәйкес еліміздің Үкіметі әлемдік экономикалық дағдарыстың салдарларын барынша азайту, отандық экономиканы ықтимал сыртқы тәуекелдерден қорғаудың алдын алу шараларын қабылдауда.
Бұл орайда қазынашылық саласының негізгі функцияларының бірі – бюджеттің толық және уақытылы атқарылуын қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан Қаржы министрлігі бюджеттің атқарылуына және мемлекеттік мекеме шоттарына қазынашылық қызмет көрсетудің сапасын арттыру және мемлекеттік сатып алу процесінің тиімділігін оңтайландыру және арттыру, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттің қаражатын пайдалану кезінде қаржылық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жұмыстарды жалғастыруда.
Қазіргі уақытта Қызылорда облысы бойынша Қазынашылық-Клиент ақпараттық жүйеде 551 мемлекеттік мекемеге қызмет көрсетіледі, 600-ге жуық қазынашылық жүйені пайдаланушылар нақты уақыт режимінде мемлекеттік бюджет қаражаттарын есепке алу және жұмсау рәсімдерін жүргізе отырып, Қазынашылықтың ақпараттық жүйесінде операцияларды жүзеге асырады. Күн сайын орташа есеппен 1200 төлем, қазақстандық банкаралық есептер орталығынан күн сайын орташа есеппен 3 мың түсім қабылданады. Ал, айдың соңында бұл көрсеткіштер екі есе артады. Себебі осы кезеңде мемлекеттік органдар негізгі төлемдерді (еңбекақы, жәрдемақы, салықтар және т.б.) жүргізеді. Осыған байланысты, сондай-ақ бюджеттің атқарылу рәсімдерінің маңыздылығын ескере отырып, Қазынашылықтың тікелей міндеті жүйенің өнімділігіне жүктеме артқан кезде, әрбір қаржылық операцияның уақытылы жүргізілуін қамтамасыз ету болып табылады.
Осыған орай, қаржы құжаттарының өсу қарқынын ескере отырып, Стратегиялық жоспарда Қазынашылықтың ақпараттық жүйесін қазынашылық пен клиент (мемлекеттік мекеме) арасындағы өзара іс-әрекет бөлігінде жетілдіру жөніндегі міндеттер көзделген. Қазынашылық жүйесін дамыту шеңберінде 2011 жылы мемлекеттік органдармен электронды құжат айналымын құру бойынша «Қазынашылық – клиент» атты бағдарламалық өнім әзірленген.
Жүйенің мақсаты – қазіргі заманғы, кірістірілген және жоғары тиімді ақпараттық ортаны қалыптастыру арқылы Қазынашылықтың қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекемелерімен өзара іс-әрекеттің тиімділігін арттыру болып табылады. Жалпы алғанда, жүйенің енгізілуі мемлекеттік органдарға қызмет көрсету рәсімдерін жеделдетуге мүмкіндік береді. Ал, жүйені дамыту мен оның таралымы келесі басқарушылық міндеттердің тиімді орындалуын қамтамасыз етеді.
Алдымен, ақпаратты сақтау мен өндірудің қазіргі заманғы жоғары тиімді технологияларын қолдана отырып, Қазыналық ақпараттық жүйеге құжат мәліметтерін автоматтандырылған енгізуді бірыңғайлау, оңайлату және жеделдету екені айқын. Енді, екіншіден, қазынашылық өңдейтін мәліметтердің жеделдігін, нақтылығын, сенімділігін, ашықтылығын арттыруға жол ашады. Үшіншіден, құжаттардың дұрыстығын растау, құжаттарды келісу процесін оңтайлату және байланыс желілерін қорғаудың құралдарын пайдалану үшін – Электронды сандық қол қоюды (ЭСҚ) ақпаратты қорғаудың қазіргі заманғы құралдарымен біріктіруге болады.
Осыған орай айта кететін мәселе, Қаржы министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында Қазынашылық органдары арқылы қаржылық құжаттардың тексеріліп өңделуі, төлем жүйесі арқылы өткізілуі қазіргі кезеңдегі 7 сағаттан, 2018 жылдан бастап 6 сағат көлемінде жүзеге асыру жоспарланғанын назарларыңызға жеткіземіз. Бұл межеге жету үшін барлық мемлекеттік мекемеге бюджет қаражатын игеруде қаржылық құжаттардың сапалы дайындалуына талаптар күшейтілетін болады. Соған сәйкес бюджет процестеріне тікелей жауапты жергілікті уәкілетті органдар тарапынан да қадағалауды күшейтуге ықпал жасауы қажет.
Сондай-ақ, қазіргі таңда бюджеттің тиімді атқарылуын қамтамасыз етуіне және тиісінше, ішкі қаржылық бақылау жүйесінің тиімді қызмет етуіне байланысты мәселелер аса өзекті болып отыр. Өйткені мемлекеттік бюджеттің қаражаттарын қолдану бойынша қаржылық бұзушылықтардың алдын-алуда мемлекеттік органдар оларға бөлінген бюджет қаражаттарын әрқашан тиімді және мақсатты түрде қолданбауына, ал осы бұзушылықтарды анықтауда, оларды жоюға берілген ұсыныстардың дер кезінде орындалмауына байланысты проблемалар туындайды.
Бюджеттің толық және уақытылы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында қазынашылықтың бюджет қаражатын игеру сапасын арттыру, бюджеттің және мемлекеттік мекеме есепшоттарының орындалуына қазынашылық қызмет көрсету, мемлекеттік сатып алу үрдістерін оңтайландыру мен тиімділігін арттыру, сонымен қатар мемлекеттік бюджет қаржысын пайдаланған кезде қаржылық бұзушылықтарды алдын алу жұмыстарын жүргізеді.
Бүгінде бағдары айқын, байламы бекем Қазынашылық комитеті өзін жақсы дамып келе жатқан қаржы институты ретінде көрсете алды. Ол мемлекеттік қаржыны жедел басқарудың, барлық деңгейдегі бюджеттің атқарылу процесіне қатаң бақылау жасаудың ақпараттық негізі болып табылады. Бұл, әрине, білімді, өз істерін жақсы білетін қазынашылық қызметкерлерінің және мемлекеттік бюджетті атқаруды тиімді бақылауды қамтамасыз етудің арқасында жүзеге асып отыр. Түйіндеп айтсақ, бұл қазынашылық жүйенің мемлекеттік мекемелердің қаржылық операциялары мен оларға қатаң бақылау орнату бағытындағы батыл қадамдар жемісі.
Ә.ДҮЙСЕНБАЕВ,
облыс бойынша қазынашылық
департаментінің басшысы.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |