ӨЗ ЕМХАНАҢА ТІРКЕЛ, ТҰРҒЫН

Ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінен 15 қарашаға дейін  азаматтарды бастапқы медициналық-санитарлық көмек  көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне, яғни, емханаларға тіркеу науқаны жүргізілуде. Кампания ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылы 28 сәуірдегі №281 бұйрығымен бекітілген бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету қағидаларын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестріне №11268 тіркелген) басшылыққа алуда.
Амбулаторлық-емханалық көмек көрсететін ұйымдарға барлық емханалар, дәрігерлік амбулаториялар, отбасылық денсаулық орталығы, алғашқы медициналық-санитариялық көмек  көрсететін орталықтар, медициналық жеке меншік клиникалар жатады.  
«Заңға сәйкес еліміздің әр тұрғыны 2010 жылдан бастап медициналық ұйымды еркін таңдауға құқылы. Егер науқас өз емханасындағы қызметтердің сапасына қанағаттанбаса немесе тұратын жерін, жұмыс, оқу орнын өзгерткен болса, ол емхананы ауыстыра алады.  
Азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету ұйымдарына  тіркеу тұрақты немесе уақытша тұратын жері, жұмыс, оқу, дәрігерді еркін таңдау, медициналық ұйымды бір әкімшілік-аумақтық бірлік құзыреті бойынша жүзеге асырылады және дәрігер мен емхананы еркін таңдаған кезде емханаға тіркелу бір реттен жиі болмауы керек.
Емхананы таңдау кезінде оның сіздің үйіңізге орналасу бойынша аумақтық жақындығын ескерген жөн. Себебі, емхананың жақын орналасуы Сізге және Сіздің учаскелік дәрігеріңізге ыңғайлы болмақ.  
Айта кету керек, емханаға тіркелу үшін тұрғын жеке куәлігі мен тіркелу орнын өзгертетін жағдайда өз еркімен бекітілу жөнінде өтініш жазуы қажет. 15 қыркүйектен бастап 15 қараша аралығындағы тұрғындарды бекіту науқаны кезінде тіркелген медициналық ұйымда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде қызмет көрсету 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап жүзеге асады, ал бұл уақытқа дейін тұрғын медициналық көмекті ағымдағы жылы бекітілген емханадан алады. Сонымен қатар, емханаға www.egov.kz сайтында элекрондық үкіметтің көмегімен тіркеле алады. Егер азамат бұрын басқа медициналық ұйымға тіркелген болса, онда ұйымнан есептен шығу үрдісі электрондық форматта жүргізіледі.  
Егер тұрғын өзі тіркелген емхананың немесе дәрігерлік амбулаторияның көрсететін қызметіне қанағаттанса және осы жылы бекіту науқанына қатыспаған болса, онда медициналық ұйым оны келесі жылы қызмет көрсету үшін бекітуге құқылы.  
Күлмариям ТАШЕНОВА,
№6 қалалық емхана  
бас дәрігерінің орынбасары.
АҚПАРАТ 11 қараша 2017 г. 608 0