« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Мүлікті сыйға тарту шарты негізінде беру ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі №1103 «Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы» қаулысының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Қағиданың 2-бөлімінің 3-тармағына сәйкес мемлекеттік меншікке берілетін мүліктің иесі сыйға тарту шарты бойынша мемлекетке мүлік құқығын беру туралы ұсыныспен мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға не оның аумақтық бөлімшесіне не облыстың жергілікті атқарушы органдарына жүгінеді.
Сонымен бірге, Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлікке құқығын сыйға беру шарты бойынша көрсетілетін қызмет ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 285 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет реестріне енгізілуіне орай, ұсынылып отырған нысандар облыс әкімдігінің 2015 жылғы 24 шілдедегі №95 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлікке құқығын сыйға беру шарты бойынша ҚР Үкіметі белгілеген ҚР қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне сәйкес қабылданады.
Қызылорда облысының деңгейінде көрсетілетін қызметті беруші «Қызылорда облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме: көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге сыйға тарту шарты бойынша мүлік құқығын мемлекеттік меншікке беру туралы ұсыныс білдіруі.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге келесі құжаттарды ұсынады:
сыйға тарту шарты бойынша мүлік құқықтарын мемлекетке беру туралы ұсыныс (бұдан әрі - ұсыныс);
жылжымайтын мүлік құқығына мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат, жылжымайтын мүлікке техникалық паспорттың, жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының, жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың (құқық белгілейтін құжаттарының) көшірмелері;
көлік құралына техникалық құжаттың көшірмелері (егерде көлік құралы сыйға тарту шартының нысаны болса);
берілетін мүлікке құны туралы деректер (бухгалтерлік теңгерімнен үзінді немесе бағалау туралы есеп);
мемлекеттік емес заңды тұлғалар:
құзыретіне Жарғыға сәйкес мүлікті иеліктен шығару, оның ішінде оны сыйға тарту бойынша мемлекеттік меншікке беру мәселелері жататын мемлекеттік емес заңды тұлға органының шешімі.
2017 жылдың 9 айында Қызылорда облысы бойынша барлығы 8 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Қызылорда облысының қаржы басқармасы.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |